Сотпен салық берешектерді өндіру туралы электрондық сот бұйрықтар шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жарқайың аудандық сотында борышкерлерден салық берешектерді өндіру туралы 5 электрондық сот бұйрықтар шығарылды.

Өндіріп алушы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жарқайың ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-сі  сотқа, жеке тұлғалардың көліктерінің салықтары бойынша салық берешектерді өндіру туралы сот бұйрықтар шығару туралы арызбен жүгінді, себебі, ҚР Салық кодексінің 622-бабының 1-тармағына сәйкес,   дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлға салық берешегінің сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда, салық органы осы салық төлеушінің мүлкі есебінен салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы өтінішпен немесе талап қоюмен сотқа жүгінеді.

 Қазақстан Республикасының Конституциясының 35-бабына сәйкес, заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.  

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі