Судьялар сот жүйесінің ардагерлерін құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бурабай және Егіндікөл аудандық соттарының судьялары сот жүйесінің ардагерлерін қарттар күнімен құттықтап, көп жылғы мінсіз еңбектері мен жас ұрпаққа баға жетпес тәжірибелерімен бөліскендері үшін алғыс білдірді.

Судьялар ардагерлерге мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.

Егіндікөл аудандық сотының судьясы Сағынай Әменов құрмет демалысында, көп жыл сот жүйесінде қызмет атқарған. Оның еңбек жолы жас ұрпақ үшін үлгі болып табылады.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты сот жүйесінің ардагері Ғайша Сыздықованы мейраммен құттықтады.

Ғайша Ибрагимқызы 20 жылдан аса Ақмола облысының сот жүйесінде қызмет атқарды.

Судьялар Ғайша Ибрагимқызына зор денсаулық, таусылмас күш-жігер мен жақсы көңіл-күй тіледі.

Астрахан аудандық сотының ұжымы сот жүйесінің ардагері Қайша Еламанқызын құттықтай отырып, денсаулық, бақыт тілеп, сыйлықтар табыс етті.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұжымы Ұлы Отан Соғысының және сот жүйесінің ардагері Александр Торкинді құттықтады.

А.Торкин «Красная звезда», 1-ші және 2-ші дәрежелі «Великой Отечественной войны»,«За оборону Москвы», «За отвагу», «За освобождение Польши», «За взятие Кенигсберга» ордендермен,«Үш би» Қазақстан Республикасының судьялар Одағының құрмет белгісімен, Қазақ ССР әділет Министрлігінің құрмет төс белгісімен марапатталған.

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі