Зеренді ауданында Ақмола облыстық сотының төрағасы аудан белседілерімен кездесу өткізіп, азаматтарды қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Зеренді ауданының «Нұр Отан» партиясы ғимаратында аудан тұрғындарымен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуге Зеренді ауданы әкімінің орынбасары А.Хамиев, депутаттар, ауылдық округтердің әкімдері, құқық қорғау және мемлекеттік органдарының бірінші басшылары қатысты.

Ақмола облыстық сотының төрағасы сөз сөйлеу барысында мемлекеттік органдармен және ведомстволармен бірігіп мемлекеттік тілді дамыту және медиация институтын жетілдіру жұмысына ат салысуға шақырды.

Кездесуден кейін, Ақмола облыстық сотының төрағасы Д.Әміров Зеренді аудандық сотының ғимаратында азаматарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Қайнар: 
Ақмола облысы Зеренді аудандық соты