Жақсы аудандық сотында «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қолдану туралы тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жақсы  аудандық  сотында судьялар, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіп одақ комитетінің төрағалары,жастар  қор орталығының өкілдері,   еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарлама орталығының өкілдері,  кәсіби емес медиаторлардың  қатысуымен «Қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк істерді қарау барысында «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қолдану» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Судья Ғ.Бақтыгұлова «дөңгелек үстелде» қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк істерді қарау барысында «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қолдануын түсіндіріп, сот тәжірбиесінде туындаған мәселелерді талқылады.

«Дөңгелек үстел» соңында қатысушылар медиация институтын дамыту бойынша айтылған ұсыныстар мен пікірлерді назарға алды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі