Жарқайың аудандық сотында «Істерді медиация тәртібінде қарау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жарқайың аудандық сотында прокуратура, АІІБ-нің өкілдері, адвокаттар мен медиаторлардың қатысуымен  «Істерді медиация тәртібінде қарау»  тақырыбында  «дөңгелек үстел» өтті.

Сот төрағасы Н.Костырев қатысушыларға Астана қаласында «Келісім» Медиаторлық орталығында, медиаторларды дайындау бағдарламасы бойынша оқудан өткен  медиатор А.Мейрманованы  таныстырды.

Сот төрағасы Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы және пилоттық жобаның негізгі міндеттері – татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүддесін анықтау болып табылатынын айтты.

Іс-шараның өткізілуі медиация институтын дамытуға бағытталған, соттар мен құқық қорғау органдардың қатысуынсыз әлеуметтік және құқықтық жанжалдарды шешуге, сотқа дейінгі дауларды реттеуге, медиация институтын жұртқа таныту, яғни баламалы тәсілмен дауларды және жанжалдарды шешуге алдын ала бағытталған.

«Дөңгелек үстел» соңында қатысушылар сотқа дейінгі дауларды реттеу институтын жан-жақты енгізу және дамыту, оның ішінде қоғамда шиеленіс деңгейін төмендетуге әсер ететін медиация институты бойынша пікірлерімен алмасты.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі