Ақмола облыстық соты Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-мен бірлесіп «Қазақ даласының билер соты егеменді еліміздің сот-құқық жүйесінің негізі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық соты Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетімен бірлесіп, «Қазақ даласының билер соты ‑ егеменді еліміздің сот-құқық жүйесінің негізі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

Ғылыми-практикалық конференция қазақ билер сотының дамуы мен құрылу тарихын зерттеу, мәдени және құқықтық тарихи мұраны сақтау, жастардың бойында мемлекет және құқық тарихына деген сый-құрмет қарым-қатынасын тәрбиелеу, мақтаныш және патриотизм сезімін қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияда профессорлар, тарих ғылымдарының кандидаттары, сот жүйесінің ардагерлері және судьялар сөз сөйлеп, іс-шараға жергілікті атқарушылық және мемлекеттік органдарының, прокуратура, Ішкі істер департаменті, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақмола филиалының өкілдері, ҮЕҰ, ғылыми және шығармашылық интеллигенцияның өкілдері, ардагерлер мен Ақмола облысының судьялары қатысты.

Конференцияның құрметті қонақтары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Әділ Құрқбаев және Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова болды.

Жоғарғы Сотының судьясы Әділ Құрқбаев конференцияның ашылуында Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәмидің конференция қатысушыларына арналған құттықтау сөзін оқып берді.

Қайрат Мәмидің құттықтау сөзінде ұлтымыздың қадір-қасиетін айқындап тұрған тілімізді ұлықтап, халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін сақтағанда ғана еліміз рухани жаңғырып, «ұлттық кодымыз» нығая түспек деп айтылған. Жоғарғы Сот Төрағасының конференция қатысушыларына арнаған сөзінде «Би бабаларымызға тән имандылық, адалдық, әділдік, турашылдық принципін құқық қорғау органдарының өкілдері мен судьялардың мықтап ұстанғаны абзал» - деп атап көрсетілген. Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» деген еді.

Құттықтау сөздерімен Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Әбдімүтәліп Әбжаппаров сөз сөйледі.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров, конференция жұмысын жалғастыра отырып, Елбасының бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін іске асыру мақсатында, ғалымдар, тарихшылар, филологтар, тіл мамандары, облыс ақсақалдары мен судьялар қазақ билер сотының тарихын зерттеу бойынша жұмыстарының жүргізілгенін атап өтті. «Билер соты – бұл тек қана құқықтық институты ғана емес, бұл тарихи және мәдени мұра болып табылатын халық пен мемлекетті басқарудағы дана институт. Ұрпақтан ұрпаққа құнды тәжірибені сақтап, жеткізу қажет.» – деді Досжан Әміров.

Конференцияда Ақмола облыстық сотымен әзірленген «Қазақ даласының билер соты» атты бейнефильм көрсетілді. Одан әрі, іс-шара баяндамаларды талқылаумен жалғасты.

Алқалы жиында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің проректоры, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты Аманбай Сейтқасымов «Қарауыл Қанай би», экономика ғылымдарының докторы, профессор Қасымхан Құсайынов «Дүйсен және Бекше билердің тарихи орны», отставкадағы судья Мейрам Ғибәділов «Әлбдебек би және Етекбай би туралы не білеміз?», тарих ғылымдарының магистры Ерлан Наурызбаев «Рухани жаңғыру идеясының әлеуметтік–мәдени өрісі», Атбасар аудандық сотының судьясы Асқар Шарапатов «Байдалы би туралы», филология ғылымдарының кандидаты Аманжол Есмағұлов «Сөздерін ханға өткізген Әз Бөгембай», Акмола облыстық сотының судьясы Сауле Қияшева «Дархан даланың даналары: Бапан және Саққұлақ билер» тақырыптарында баяндамалар оқыды.

Негізгі баяндамашылардан кейін, сөзді билердің ұрпақтары - ақсақалдар, облыс ардагерлері өздерінің ойларымен, алған әсерлерімен бөлісіп, ақыл кеңестер беріп, тілектерін білдірді.

Фойеде қазақ халқының билері туралы шығармашылық пен ғылыми әдебиет және Ақмола облысы сот жүйесі тарихи мұражайынан экпонаттары қойылған көрме ұйымдастырылды.

Конференцияға қатысушылар баяндамаларды талқылағаннан кейін, мемлекеттік, жергілікті атқарушылық және құқық қорғау органдарында, сот жүйесінде, жоғарғы оқу орындарында іске асыруға ұсынылған қарарды қабылдап, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының қағидаларын жүзеге асыру бойынша ведомствоаралық жоспарын құрды.

Өткізілген конференция «Рухани жаңғыру» негізінде алдағы уақытта өткізілетін барлық іс-шараларға бастамасы болып табылады.   

Облыстық соттың төрағасы Д.Әміров конференцияның жұмысын қорытындылай келе, Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәмидің «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» тақырыбында өткізген «дөңгелек үстелдің» қарары бойынша іс-шаралар  облыс соттарымен іске асырылып жатқандығын атап өтіп, конференцияға қатысушыларды әріптестікке шақырды.

Конференцияның жұмысы көрмемен танысу және естелік фото суретке түсумен аяқталды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі