Ақмола облысы соттарында істер медиативтік келісім бекітумен және тараптардың татуласуымен қаралуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының  аудандық  және  оларға теңестірілген соттарында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер тараптардың татуласуымен және медиативтік келісім жасауымен  қаралуда. 

2017 жылдың  9 айында  Есіл аудандық сотында 31 азаматтық, 7 қылмыстықжәне 13 әкімшілік іс медиация тәртібімен қаралды.

Астрахан  аудандық  сотында 2017 жылдың 9 айында 17 азаматтық, 7 әкімшілік және 6 қылмыстық іс медиация тәртібімен  қаралды.

Көкшетау қалалық  сотында  2017 жылдың 9 айында 181 азаматтық іс медиациялық  келісіммен бекітіліп,  іс жүргізу тоқтатылған.

Жарқайың аудандық сотында 2017 жылдың 9 айында 29 азаматтық, 12 әкімшілік және 4 кылмыстық іс медиация тәртібімен  қаралды.

2017 жылдың  9 айында Аршалы аудандық сотында медиация тәртібімен 6 әкімшілік, 7 қылмыстық, 44 азаматтық іс медиация тәртібімен және 2 азаматтық іс бітімгершілік келісім жасаумен каралды.

Ақкөл аудандық сотында 2017 жылдың 9 айында 32 азаматтық, 9 қылмыстық және 12 әкімшілік іс медиация тәртібімен қаралды.

 Істерді  қарау кезінде медиаторлардың қатысуымен татуластыру бойынша шаралар қолданылды.

Шортанды және  Зеренді  аудандық  соттарында отбасы- тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағандары үшін әкімшілік істер бітімгершілік келісім жасаумен қаралды.

Степногорск қалалық сотында 2017 жылдың 9 айында медиация рәсімдерін қолданумен 137 азаматтық, 8 қылмыстық және 12 әкімшілік іс қаралды.

Барлық  істерді қарау  барысында медиацияны жүргізу қағидаттары, тараптардың құқықтары мен міндеттері, жүргізу тәртібі, тілі мен негізгі шарттарын сақтау мен қаралды.

Қазақстан  Республикасы  Азаматтық процестік кодексінің 115-бабының 2-бөлігіне сәйкес «Тараптар бірінші, апелляциялық сатылардағы соттар бекіткен татуласу келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасқан кезде, төленген мемлекеттік баж толық көлемде бюджеттен қайтарылуға жатады». Сот процесінің тараптарына төленген баж сомасы қайтарылды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі