Аршалы аудандық сотының төрағасы тіл саясаты және ономастика жөніндегі жұмыс тобы отырысына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Аршалы аудандық сотының төрағасы Б.Нұрмағамбетов Аршалы ауданы  әкімдігі жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты.

Аршалы аудандық сотының төрағасы Б.Нұрмағанбетовтің   Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасына орай, Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәмидің «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» тақырыбында өткізген «дөңгелек үстелдің» қарары бойынша іс-шараларды  облыс соттарымен іске асырып жатқандығын атап өтті. Аршалы ауданы әкімдігі жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі жұмыс тобының құрамына аудандық соттың судьялары мен қызметкерлерін енгізуге ұсыныс жасады.

Кеңес қорытындысы бойынша  сот төрағасы Б.Нұрмағамбетов  сот жүйесіндегі реформалар, оның ішінде сот сатыларын оңтайландыру, судьяларға қойылатын талаптар мен алқабилер сотының дамуы, татуластыру рәсімдерін, сот отырыстарында дыбыс-бейне тіркеу жүйесін қолдану, ақпараттық технологиялар, соның ішінде «Сот кабинеті» сервисін пайдалану туралы айтып өтті.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі