Облыс соттарында медиативтік келісімдер бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Бурабай аудандық сотында өткен аптада 1 қылмыстық, 2 азаматтық
және 8 әкімшілік істер медиация тәртібімен қаралды.
Істер Қазақстан Республикасының Азаматтық, Азаматтық процестік, Қылмыстық-процестік кодекстерінің және «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес қаралған. Ісдерді қарау барысында медиацияны жүргізу қағидаттары, тараптарының құқықтары мен міндеттері, жүргізу тәртібі, тілі және шарттары қатаң сақталды.
 Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 115- бабының 2-бөлігіне сәйкес «Тараптар бірінші, апелляциялық сатылардағы соттар бекіткен татуласу келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасқан кезде, төленген мемлекеттік баж толық көлемде бюджеттен қайтарылуға жатады». Сот процесінің тараптарына 31 040 тенге төленген баж сомасы қайтарылды.
Атбасар  аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің  188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) азаматша Б-ға  қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотта жәбірленуші сотталушымен татуласып, медиавтивті келісім бекітілді.
Сот қаулысымен тараптардың татуласуына байланысты іс бойынша өндіріс тоқтатылды.
Зеренді аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы 1 әкімшілік іс және соманы өндіріп алу туралы 1 азаматтық іс медиация тәртібімен қаралды.
Ақкөл аудандық сотында  азамат Н-ға қатысты отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы әкімшілік іс қаралды. Сотта тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты іс бойынша өндіріс тоқтатылды.
Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі