Архив событий

08/07/2016

Сот ер азаматқа 3 жылға автокөлік құралын басқару құқығынан айырумен айыппұл түрінде жаза тағайындады

08/07/2016

Ақмола облысы Аршалы аудандық соты азамат Г-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Г. үш жылға автокөлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқару кезінде полиция қызметкерлерімен ұсталынған.

Қорғалжын ауданының әкімдігі және Қорғалжын аудандық соты өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

08/07/2016

Қорғалжын аудандық сотының төрағасы Х.Кембаева мен аудан әкімі Қ.Рыскелдінов дауларды балама амалдармен реттеудегі халықтың құқықтық мәдениет дәрежесін көтеруге бағытталған өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Ақмола облыстық сотының қызметкерлері мемлекеттік тілді оқытуды табысты аяқтағанды туралы сертификат алды

08/07/2016

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында  қызметте мемлекеттік тілді қолдануды қамтамасыз ету бағытындағы  іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланған болатын.

Көкшетау қаласы Тілдерді дамыту бөлімі Тілдерді оқыту орталығымен бірлесіп Ақмола облыстық сотының 10 қызметкеріне мемлекеттік тілді оқытудың табысты аяқтағандығы туралы сертификат тапсырыс етті.

Ақмола облысы Бұланды аудандық сотының 2016 жылдың І-жартыжылдығы бойынша жұмысы туралы

08/07/2016

2016 жылдың І-жартыжылдығында Бұланды аудандық сотымен 322 азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер қаралды.

Тараптардың татуласуына байланысты 11 қылмыстық іс тоқтатылды. Тергеу судьямен 26 өтініш хат қаралды.

175 азаматтық іс қаралған, оның ішінде татуласу келісімін жасауымен 2 іс.

Сот 205 әкімшілік іс қарады, оның ішінде 174 іс бойынша келесі әкімшілік жазалау шаралары тағайындалды: ескерту - 9, әкімшілік айыппұл – 43, әкімшілік қамаққа алу – 79, арнайы құқықтан айыру – 43.

Бұланды аудандық соты Ашық есік күнін өткізеді

08/07/2016

Сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында Ақмола облысының Бұланды аудандық соты 2016 жылдың 14-шілдесінде сағат 10.00-ден 11.30-ға дейін Ашық есік күнін өткізеді.

Азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерін барлық қызықтыратын сұрақтары бойынша Бұланды аудандық сотының төрағасы мен кеңсе меңгерушісі қабылдайтын болады.

Сот тергеушінің күзетпен қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхатын қанағаттандырды

08/07/2016

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық соты Еңбекшілдер ауданының ішкі істер бөлімі тергеушісінің күдікті Б-ға  қатысты күзетпен қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхатын қарады.

Сот анықтағандай,  алдын-ала тергеу органдарымен  азамат Б. екі азаматтың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтiрді деп  айыпталуда.

Сот шешімін орындамағаны үшін жауаптылыққа тартылды

08/07/2016

Бұланды аудандық соты азамат П-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат П., автокөлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, Аққайың ауылында  автокөлікті басқарып, жол полиция қызметкерлерімен ұсталынды.

Сот билік өкіліне бағынбағаны үшін айыппұл тағайындады

08/07/2016

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық соты билік өкіліне бағынбағаны үшін екі азаматқа қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, екі азамат алкогольдік масаң күйде жол жүру бөлігінің ортасында жүріп, автокөлік жүргіншілеріне жол апатының жағдайын туғызған. Полиция қызметкерлері оларды жолдың жүру бөлігін босатуын талап еткен, алайда азаматтар полиция қызметкерлеріне бағынбай, былапыт сөз сөйлеген.

Сот теріс қылық жасағаны үшін автокөлік құралын басқару құқығынан айырумен айыппұл тағайындады

08/07/2016

Егіндікөл  аудандық соты теріс қылық жасағаны үшін азамат Ф-ға  қатысты   қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Ф., автокөлік құралдарын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, масаң күйде Егіндікөл ауылында автокөлікті басқарып, жол полиция қызметкерлерімен ұсталынды.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес азамат Ф. алкогольдік жеңіл дәрежедегі масаң күйде болғаны анықталды.