Архив событий

19/07/2016

Ұрлық жасаған үшін қылмыстық жауаптылық

19/07/2016

Атбасар аудандық соты азаматша Б-ға қатысты  қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, жас қыз өз құрбысының пәтерінде бола тұра, оның алтын жүзігін ұрлаған және ломбардқа тапсырып жәбірленушіге материалдық зиян келтірген.

Сот отырысында, сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне шын ниетпен өкініп, жәбірленушіге ұрланған жүзікті қайтып берді.