Архив событий

25/07/2016

Пікір білдіріңіздер!

25/07/2016

Сот беделін көтеру, олардың жұмысындағы жариялылықты қамтамасыз ету және кандидаттардың іскерлік, кәсіби, моральдық тұлғалық қасиеттерін неғұрлым терең зерттеп білу мақсатында, Ақмола облыстық соты судьялыққа тағлымдамадан өту үшін бос орындарға жариялаған конкурсқа Ақмола облысының «Қазақстан Темір Жолы» «Ұлттық компаниясы» АҚ жетекші заң кеңесшісі Данияр Абайұлы Дүйсембаевтың кандидатурасын тұрғындар назарына ұсынады.

Аршалы аудандық сотының 2016 жылдың 1 жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы

25/07/2016

2016 жылдың І-жартыжылдығында Аршалы аудандық сотымен 284 азаматтық іс қаралды, оның ішінде: татуласу келісім жасаумен – 4, медиация жүргізумен – 1.   

Сотпен 178 әкімшілік істер қаралды, оның ішінде 160 іс бойынша келесі әкімшілік жазалар тағайындалды:  ескерту - 3, әкімшілік айыппұл – 50, әкімшілік қамаққа алу – 38, арнайы құқықтан айыру – 69, тараптардың татуласумен - 18  

52 қылмыстық іс қаралды, оның ішінде тараптардың татуласуына байланысты 16 қылмыстық іс тоқтатылды, тергеу судьясымен 30 өтініш хат қаралды.

Сот шешімімен қайтыс болу фактісін анықтау бойынша арыз қанағаттандырылды

25/07/2016

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 305-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сот азаматтардың немесе заңды тұлғалардың жеке не мүліктік құқықтарының туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына байланысты болатын фактілерді анықтайды. Аталған баптың 2-бөлігінің 8-тармағына сәйкес, сот азаматтық хал актілерін жазу органдары қайтыс болуды тіркеуден бас тартқан жағдайда, адамның белгілі бір уақытта белгілі бір мән-жайларда қайтыс болу фактілерін анықтау туралы істерді қарайды.

Сот әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады

25/07/2016

Еңбекшілдер аудандық соты азаматша Б-ға қатысты әкімшілік іс қарады. Әйел адам, мәдени ұйымдастырушы бола тұра, кәмелетке толмағанды, түнгi уақытта заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемесінде болуына жол берген.  

Сот қаулысымен азаматша Б. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 132-бабының 1-бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 44 541 теңге сомасында әкімшілік айыппұл тағайындалды.

Сот жұмысқа қайта алдыртып, моральдық зиянның өтемақысын ішінара өндірді

25/07/2016

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты азаматша П-ның тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөліміне заңсыз шығарылған бұйрықтарды жою туралы, жұмысқа қайта алғызу, амалсыз бос жүрген уақытына жалақыны төлеу және моральдық зиянның өтемақысын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Ортақ пайдалану орындарын ластағаны үшін әкімшілік айыппұл

25/07/2016

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер ұсақ бұзақылық болып танылады.

Ақмола облысының судьялары қашықтықтан оқыту тәртібімен өткізілген дәріс сабағына қатысты

25/07/2016

Ақмола облысы соттарының қылмыстық істерді қарайтын судьялары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен қашықтықтан оқыту тәртібінде ұйымдастырылған дәріс сабағына қатысты.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік жауаптылық

25/07/2016

Ерейментау аудандық соты алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарған, жол қозғалысына қауіп төндірген азамат Ю-ға  қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотпен азамат Ю. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен («Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы») көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде әкімшілік жаза тағайындалды. 

 

2016 жылдың 1 жартыжылдығында Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 28 қылмыстық іс қарады

25/07/2016

2016  жылдың  1 жартыжылдығында Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 34 азаматқа қатысты 28 қылмыстық іс қарады.

3 азаматқа қатысты 3 қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды, аудио - бейне тіркеуді қолдануымен 28 қылмыстық іс қаралды.

Аппеляция тәртібімен 14 қылмыстық іс қаралды.