Архив событий

07/07/2016

Сот адам өлтіргені және қарақшылық жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады

07/07/2016

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Астана қаласының екі тұрғынына қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, екі ер азамат алкогольдік масаң күйде өздерінің танысын ұрып, дене мүшелеріне және басына пышақпен соққылар жасап, мойнына жіпті байлау арқылы тұншықтырған. Нәтижесінде, жәбірленуші қылмыс жасалған орнында қайтыс болды.  Болған қылмыстың ізін жасыру мақсатында қылмыскерлер өздерінің танысының денесін кәріс құбырының құдығына тастаған.

Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдепті сақтау бойынша қойылатын талаптар

07/07/2016

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының 49-бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілер: заңдылық қағидатын басшылыққа алуға,  мемлекеттік саясатты жақтауға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға,  өзінің әрекеттерімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекеттік қызметке кір келтіретіндей әрекеттер жасауға жол бермеуге,  мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға, жалпыға ортақ қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға,  Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қар

Сот ер азаматты ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп таныды

07/07/2016

Шортанды аудандық соты азамат С-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат пәтерге заңсыз кіруімен азаматша Ц-ның мүлкін жасырын жымқырған, осы әрекетімен жәбірленушіге материалдық залал келтірген.

Тергеп-тексеру сотқа дейінгі  кезеңінде азамат С. ұрланған заттарды қайтарып, материалдық залалды толық көлемінде орнына толтырды.

Сот 1 жыл мерзiмге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындады

07/07/2016

Жақсы аудандық соты азамат С-қа қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотпен,  азамат  С. өзінің әкесімен метал-құбырларын құлатып, арбаға салып әкетпекші болған жерде полиция қызметкерлерімен ұсталғаны анықталды.

Сот үкімімен азамат С. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігімен («Қылмысқа оқталу»), 188-бабының 1-бөлігімен («Ұрлық») көрсетілген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

 

Сотты құрметтемеушілік үшін ескерту түріндегі жаза тағайындалды

07/07/2016

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты азамат Б-ға қатысты  әкімшілік іс қарады.

Сотта,  азамат Б-ның қылмыстық іс бойынша белгіленген сот отырысына куәгер ретінде алкогольдік масаң күйде келгені анықталды.

Сот қаулысымен азамат Б. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен («Сотты құрметтемеушілік») көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған ескерту түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.