Архив событий

14/07/2016

Оқу бағдарламаларының үйлестіруші судьялар тренингте кәсіби білім деңгейін жетілдіруде

14/07/2016

14 шілдеде Ақмола облысы Бурабай кентінде оқу бағдарламаларын үйлестіруші қазақстандық судьяларына арналған екі күндік тренинг жұмысын бастады.

Оқу тренингтерін ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және «Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру» Еуропалық Одағы.

Тренинг оқытушылық қызметпен айналысатын судьялары үшін маңызды.

Сот конкурстық іріктеу рәсімін бұзғаны үшін айыппұл түрінде жаза тағайындады

14/07/2016

Қорғалжын аудандық соты азаматша А-ға қатысты құқық бұзушылық туралы әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азаматша А. аудандық конкурстық іріктеу комиссиясының төрайымы бола тұра, бос тұрған мекеменің басшылық лауазымына, азаматша О-ны және азамат Р-ның біліктілік талаптары бос лауазымға сәйкес бола тұра, әңгімелесу рәсіміне  қатысуына рұқсат етпеген.  Сот отырысында азаматша А. өз кінәсін мойындап, конкурсанттардың біліктілік талаптары сәйкес келетіңдігін түсіндірді.

Сот 3 жылға бас бостандығынан айыру және 2 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырумен жаза тағайындады

14/07/2016

Астрахан аудандық соты Жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеті үшін,  айыпталған азамат С-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотпен, азамат С. автокөліктің тартқыш құрамындағы автопоезды Алматы - Екатеринбург тас жолында басқарып,  алдында жүріп келе жатқан көлік құралдың арақашықтығын сақтамай, ат арбамен соқтығысқаны анықталды. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде, ат арбаның жүргізушісі алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық

14/07/2016

Ақкөл аудандық соты алаяқтық жасағаны үшін айыптау бойынша азамат Ж-ға  қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотпен, ер азамат, азаматша А-ның сеніміне кіре отырып,  алдау арқылы сату-сатып алу шартын жасап, азаматша А-ның орнына  қол қойып,  автокөлікті үшінші тұлғаға сатқан. Алдау әрекетін жасау арқылы, ер азамат азаматша А-ға автөкөлік бағасы көлемінде материалдық зиян келтіргені анықталды.