Архив событий

26/07/2016

Ақмола облыстық соты Ашық есік күнін өткізеді

26/07/2016

Сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сот төрелігін атқару барысында азаматтардың заңды құқықтарының сақталуын қорғау мақсатында Ақмола облыстық соты 2016 жылдың 27 шілдеде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Ашық есік күнін өткізеді.

Ақмола облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізеді

26/07/2016

2016 жылдың 27 шілдеде сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Ақмола облыстық сотының төрағасы Әбдіқанов Нұрғазы Әбенұлы сот жүйесінің ашықтығын, жариялылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыс тұрғындары үшін интернет-конференция өткізеді.

Сот шетел азаматының Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

26/07/2016

Зеренді аудандық соты Қазақстан Республикасының аумағына келген Өзбекстан Республикасының үш азаматына қатысты әкімшілік істер қарады. Осы азаматтар жеке - келу мақсатымен тіркеліп, жұмысқа орналасуға рұқсат алмай, Зеренді ауданы Еленовка аулының аумағында орналасқан ЖСШ-де жұмысшы ретінде жұмыс істеген, осы әрекеттерімен үш азамат Қазақстан Республикасы халықтың көші-қоны салысындағы заңнамасын бұзған.

Сот 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза тағайындады

26/07/2016

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қарады. Ер азамат, осы сотпен 2012 жылы бес жылға көлік құралын басқару құқығынан айрылған бола тұра, Көкшетау қаласында көлік құралын басқарып, полиция қызметкерімен тоқтатылған.

Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi сатқаны үшін әкімшілік жаза тағайындалды

26/07/2016

Еңбекшілдер аудандық соты азаматша В-ға қатысты әкімшілік іс қарады. Әйел адам, Макинск аулында дүкенші бола тұра, кәмелетке толмағанға темекіні сатып,  әкімшілік бұзушылық жасаған.

Сот отырысында азаматша В. кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінді.