Архив событий

28/07/2016

Сот автокөлік құралын басқару құқығынан айырумен қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындады

28/07/2016

Жақсы аудандық соты азамат Д-ға қатысты қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат Подгорное ауылында автокөлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, жол полиция қызметкерлерімен ұсталынды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес азамат Д. орта дәрежеде алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Сот 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады

28/07/2016

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат Р-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, спирттік ішімдік ішу барысында азамат Р. мен оның танысының арасында жан-жал туындап, төбелеске айналған, осыған байланысты, азамат Р. ер азаматтың мойнына пышақпен екі соққы жасаған. Пышақ жарақатын алу нәтижесінде ер азамат қылмыс орнында қайтыс болды.