Сот автокөлік құралын басқару құқығынан айырумен қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жақсы аудандық соты азамат Д-ға қатысты қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат Подгорное ауылында автокөлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, жол полиция қызметкерлерімен ұсталынды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес азамат Д. орта дәрежеде алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Сот үкімімен азамат Д. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен («Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, адамның алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқаруы») көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға автокөлік құралын басқару құқығынан айырумен, 70 сағат көлемінде қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындалды. 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі