Архив событий

12/07/2016

Ақмола облыстық соты Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі Жақсылық Алановтың қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізді

12/07/2016

Ақмола облыстық сотының кеңейтілген жалпы кеңесінде 2016 жылдың 1 жартылдығына облыс соттарының жұмыс қорытындысы шығарылды. Кеңеске Жоғарғы Сот кеңесінің мүшесі Жақсылық Аланов қатысты. Судьялар корпусы сот төрелігін сапалы атқару, заңдылықты сақтау мен соттардың жұмысын одан әрі жетілдіру сұрақтарын талқылады.

2016 жылдың 1 жартыжылдығында Ақмола облысы соттарымен 31 177 азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер мен материалдар қаралды, бұл 2015 жылдың салыстырмалы кезеңімен алғанда (28 433)  2 734 іс пен материалға немесе 8,8%-ға көбейген.

Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі Ж.Аланов Ақмола облысында судья лауазымына үміткерлермен кездесті

12/07/2016

Ақмола облыстық сотында Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі Жақсылық Аланов кадр резервінде тұрған жоғары судья лауазымдарына және Ақмола облысының соттарында судья лауазымына тағылымдамадан өтіп жүрген үміткерлермен кездесті.  

Кездесуге кадр резервінде тұрған Ақмола облысының 20 судьясы және облыс соттарында тағылымдамадан өтіп жүрген 4 судья лауазымдарына кандидат қатысты.

Д.Аланов үміткерлермен танысып, әрқайсысымен жеке әңгімелесті және олардың тағылымдамадан өтудің нәтижесімен танысты.