Архив событий

29/07/2016

Сот тұтынушылық қызмет үшін қарызды өндіріп алды

29/07/2016

Егіндікөл аудандық соты 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығында  қарыз сомасын өндіріп алу туралы «Егіндікөл Су Арнасы» талап арызы бойынша он бір азаматтық  іс қарады.

Сот анықтағандай, «Егіндікөл Су Арнасы» өз өтінішінде сумен қамтамасыз ету бойынша жауапкерлерде тұтынушылық қызметке дебиторлық берешек құралғанын көрсеткен.

Сот шешімімен жеке тұлғалардан қарыз сомасын өндіріп алу туралы  талап арыздар қанағаттандырылды. «Егіндікөл Су Арнасы» пайдасына 6 447 теңге өндірілді.

 

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының нормаларын сақтау жөнінде семинар өткізді

29/07/2016

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау жөнінде семинар өткізді.

Семинар жұмысына ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің  бас маманы А.Кульсимаков және сот мамандары қатысты.

А.Кульсимаков «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау» тақырыбында сөз сөйледі.

Сот тонау жасағаны үшін 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады

29/07/2016

Степногорск қалалық соты азамат Қ-ға қатысты келісімдік іс жүргізуде қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Қ. спирттік ішімдік ішу барысында, алкогольдік масаң күйде болғандықтан, өзінің танысында ақшалай қаражат болғаны біліп, оның басына,  денесіне қолымен және аяғымен соққылар жасаған. Жәбірленуші құлағанда, оның қарсылық көрсете алмайтынын біліп, азамат Қ. оның қалтасынан 20 000 теңге ақшасые алып жасырынған. Ол ақшаны өз қалауынша жұмсаған. Сотталушы қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтiрген. 

Кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын, ғарыш қызметі саласындағы, сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар тақырыбына қашықтықтан оқыту

29/07/2016

2016 жылдың 29 шілдесінде сағат 15.00-де кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын, ғарыш қызметі саласындағы, сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар  тақырыбына әкімшілік істерді қарайтын, Ювеналды, жалпы юрисдикция аудандық соттарының облыс судьялардың қатысуымен қашықтықтан оқыту өткізіледі.

Қашықтықтан оқытудың үйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты. Алматы қалалық, Қызылорда облыстық және Қарағанды облыстық соттар сөз сөйлеу бойынша  жауапты аумақтар болып келеді.