Архив событий

05/07/2016

Ақмола облыстық сотының төрағасы судьялар мен сот қызметкерлерін Астана күнімен құттықтады

05/07/2016

Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов жалпы отырыста судьялар мен сот қызметкерлерін Астана күнімен құттықтады.

«1997 жылы қазан айында Астана Қазақстан Республикасының бас қаласы болып жарияланды. Бұл айтулы күн болды. Жас қала – Астана бүгінгі күні еліміздің басты қаласы, ондағы тұрғындар миллионға жетті» - деді Н.Әбдіқанов.

Сот төрағасы ұжымды келе жатқан мемлекеттік мейраммен құттықтай отырып, елімізбен, астанамызға гүлденуді, судьялар мен қызметкерлерге денсаулық, табыс және ырыс-береке тіледі.

Сот дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітті

05/07/2016

Жарқайың аудандық соты азаматша Б-дан қарыз соммасын, жіберіп алған пайда мен моральдық зиянның өтемақысын өндіріп алу туралы азамат Е-нің талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, істі карау барысында тараптар дауды сот медиациясы тәртібімен шешуге келісіп, татуласу рәсімдерін өту туралы сот медиациясын өткізу жөнінде өтінішпен жүгінген.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін қылмыстық жауаптылық

05/07/2016

Шортанды аудандық соты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін айыптау бойынша азамат С-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат С. масаң күйде, жеке бас араздығының салдарынан, азамат Ж-ның дене мүшелеріне пышақпен бірнеше соққы жасап, жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірген.

Сотқа дейінгі істі қарау кезеңінде прокурор мен сотталушының арасында кінәсін мойындау туралы процестік келісім жасалынды.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылық жасағаны үшін Степногорск қаласының тұрғыны кінәлі деп танылды

05/07/2016

Ақмола облысы Степногорск қалалық соты қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін азамат Ш-ны айыптау бойынша қылмыстық іс қарады.

Сотта, қылмыстық іс бойынша күдікті болып табылатын азамат Ш.  Степногорск қаласының ішкі істер басқармасының тергеу бөлімінің тергеушісіне пара ретінде 30 000 теңге ақшалай қаражатты беруге талпынғаны анықталды. Алайда тергеуші оның іс әрекеті заңсыз екенін және ол қылмыстық құқықбұзушылық жасайтынын ескертті.

Сот Қазақстан Республикасының шегінен шығару түрінде әкімшілік жаза тағайындады

05/07/2016

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Өзбекстан Республикасының  азаматшасына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, Өзбекстан Республикасының азаматшасы 2016 жылдың 1 маусымында Қазақстан Республикасының аумағына келген және 2016 жылдың 23 маусымына дейін Бурабай ауданының ішкі істер бөлімінде тіркеліп, жұмыс істеуге рұқсаты болмай өкілетті органның рұқсатынсыз, сауда дүңгіршегінде аспазшы болып жұмыс істеген.

Сот материалдық шығынды өтеу туралы азаматтық іс бойынша татуласу келісімін бекітті

05/07/2016

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты азамат Б-дан шығынды өтеу туралы азамат Н-ның талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сотта, жауапкердің пәтерінің қылтимасынан өрт шыққан, өрт арызданушының қылтимасына таралып, 187 749 теңге сомасына материалдық шығын келтіргені анықталды .

Сотта, арызданушы мен жауапкер бітімгершілік келісім жасаған. Келісім шарттары бойынша арызданушы өрттен болған шығынды өтеу туралы барлық  талап арыздарынан бас тартады, ал жауапкер арызданушыға шығын сомасын төлеуге міндеттенеді.

Сот адам өлтіргені және қылмысты жасырып, қылмыс туралы хабарламағаны үшін бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады

05/07/2016

Ақмола облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтіргені үшін азамат Ш-ға және қылмысты жасырып, қылмыс туралы хабарламағаны үшін азамат П-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Ш., қызғаныш салдарынан, масаң күйде, кәмелетке толмағанға  пышақпен 35 соққы жасап, тамағын кескен. Алған пышақ жарақаттарынын нәтижесінде кәмелетке толмаған қайтыс болды.

Сот дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітті

05/07/2016

Жарқайың аудандық соты азаматша Б-дан қарыз соммасын, жіберіп алған пайда мен моральдық зиянның өтемақысын өндіріп алу туралы азамат Е-нің талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, істі карау барысында тараптар дауды сот медиациясы тәртібімен шешуге келісіп, татуласу рәсімдерін өту туралы сот медиациясын өткізу жөнінде өтінішпен жүгінген.

Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік айыппұл тағайындады

05/07/2016

Ақкөл аудандық соты азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат қоғамдық орында болып, асфальтқа темекінің тұқылын тастаған. Осы әрекетімен, азамат Ж. ортақ пайдалану орнын ластап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген және қоғамдық тәртіпті бұзған.   

Сот қаулысымен азамат Ж. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен («Ұсақ бұзақылық») кінәлі деп танылып, оған 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындалды.