Архив событий

04/07/2016

2016 жылдың 1 жартыжылдығында Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 1848 іс қаралды

04/07/2016

2016 жылдың 1 жартыжылдығында Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты  әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 1848 іс қарады. Осы істер бойынша 1838 азаматтарға келесі әкiмшiлiк жазалар тағайындалды: ескерту – 45, әкiмшiлiк айыппұл – 986, әкімшілік қамаққа алу – 222, арнайы құқықтан айыру – 559, Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу – 26.

10 кәмелетке толмағандарға қатысты тәрбиелiк ықпал ету  шаралары тағайындалды.

 

Сот жеке кәсіпкердің талап арызын ішінара қанағаттандырды

04/07/2016

Ақмола облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Көкшетау Жылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынынан тұрақсыздық және бағамдық айырымды өндіріп алу туралы жеке кәсіпкердің талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сотта, тараптар арасында болат құбырларын жеткізу бойынша шарт жасалғаны анықталды. Жауапкер тауар құнын толық көлемде, бірақ мерзімін бұзып төлеген. Осыған байланысты, жауапкер тұрақсыздық сомасын төлеуге міндетті.

Ақмола облысы Есіл аудандық соты 23 істі татуластыру рәсімдерін қолданумен қарады

04/07/2016

2016 жылдын бірінші жартыжылдығында Есіл аудандық соты 426 азаматтық іс қарады, оның ішінде 14 іс дауды медиация тәртібімен реттеу, 4 іс татуласу келісімін жасаумен қарады.

Қаралған 42 қылмыстық істердің ішінен 3 іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды, 2 іс медиация тәртібімен қаралды. 

Өзбекстан Республикасының алты азаматы Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған

04/07/2016

Ақмола облысы Ерейментау аудандық соты Өзбекстан Республикасының алты азаматына қатысты  әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер қарады.

Сот анықтағандай, Өзбекстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағына  келіп, өздерінің уақытша келуін Ерейментау ауданында тіркеген.

Тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс бойынша өндіріс тоқтатылды

04/07/2016

Шортанды аудандық соты азамат Б-ға қатысты келісімдік іс жүргізуде қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат бұрын, түнгі уақытта, есіктің құлпын жұлып, тұрғынжайға еркiнен тыс заңсыз басып кiріп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 149-бабының 2-бөлігімен (Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

Сот теріс қылық жасаған үшін автокөлік құралын басқару құқығынан айырумен айыппұл тағайындады

04/07/2016

Шортанды аудандық соты теріс қылық жасағаны үшін азамат Б-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Б. автокөлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, есірткілік масаң күйде Новокавказкое ауылында мотоцикл басқарып, жол полиция қызметкерлерімен ұсталынды.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес азамат Б. каннабиноидтерді қолданып, есірткілік масаң күйде болғаны анықталды.

Сот автокөлік құралын басқару құқығынан айырумен қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындады

04/07/2016

Степногорск қалалық соты қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін азамат Л-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Л. автокөлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, жол полиция қызметкерлерімен ұсталынды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес азамат Л.  жеңіл дәрежеде алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.