Архив событий

27/07/2016

Сот сотталушының өтінішхатын қанағаттандырусыз қалдырды

27/07/2016

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты жазаның өтелмеген бөлігін жеңіл түрдегі жазаға ауыстыру жөнінде сотталушы А-ның өтініш хатын қарады. Анықталғандай А. сот үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айырылып, жасазын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеп, нашақорлықтан мәжбүрлі түрде емделумен сотталған.

Сот үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады

27/07/2016

Ақкөл аудандық соты Наумовка ауылында алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, полиция қызметкерлерімен тоқтатылған, азамат Р-ға қатысты әкімшілік іс қарады. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес азамат Р-да орта дәрежеде алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Осыған байланысты азамат Р. Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидасын бұзған.

Сот көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарған жүргізушіге жаза тағайындады

27/07/2016

Қорғалжын аудандық соты автокөлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, Сабынды ауылында алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, полиция қызметкерлерімен ұсталған, азамат Ч-ға қатысты қылмыстық  іс карады.                 

Сот көрiнеу жалған сөз жеткiзгені үшін жаза тағайындады

27/07/2016

Ақмола облысы Степногрск қалалық соты алкогольдік масаң күйінде танымайтын ер адамдармен жыныстық қарым-қатынасқа түсіп, кейін зорлағаны және пәтерде күштеп ұстағаны жөнінде көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін айыпталған азаматша Х-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотталушы сотта жасалған қылмыс жөнінде көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін шынайы өкініп, алкогольдік масаң күйде болғанын жеткізді.

Тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды

27/07/2016

Ерейментау аудандық соты Олжабай батыр ауылында кілем  ұрлап, азамат Ш-ға жалпы соммасы 10 000 теңге көлемінде материалдық зиян келтірген азамат Д-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот отырысында жәбірленушіден өтінішхат түсіп, қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.

Сотпен азамат Д-ға қатысты  Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен («Ұрлық») қозғалған қылмыстық іс, тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.

Ақмола облысы Астрахан аудандық сотының 2016 жылдың І жартыжылдығының жұмыс қорытындысы

27/07/2016

2016 жылдың 1-жартыжылдығында Астрахан аудандық сотымен сот актілерін шығаруымен – 251 қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер қаралды.

Қылмыстық істер бойынша үкім шығаруымен 17 - іс қаралып, 3 – іс тоқтатылды.

Тергеу судьясымен - 11 өтінішхат қаралды.

85 азаматтық іс қаралды, сот бұйрығын шығаруымен – 26, іс бойынша өндіріс тоқтатылды – 6, оның ішінде татуласу келісім жасаумен – 2, медиация тәртібімен - 2.

Алкогольдік масаң күйдегі адамға көлік құралын басқаруға бергені үшін әкімшілік жауаптылық

27/07/2016

Егіндікөл аудандық соты, алкогольдік масаң күйдегі таныс адамға, өзінің автокөлік құралын басқаруға берген азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот қаулысымен азамат С. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен («Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік масаң күйдегі адамның басқаруына беру») кінәлі деп танылып, оған үш жыл мерзімге автокөлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.