Архив событий

15/07/2016

Судьялардың кәсіби білім деңгейін жетілдіру бойынша тренинг өз жұмысын қорытындылады

15/07/2016

Бүгін Ақмола облысы Бурабай кентінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және «Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру» Еуропалық Одағының жобасымен өткізілген судьяларға арналған тренинг жұмысын аяқтады.

Екі күн бойы жергілікті соттарда сот білімін жетілдіру бойынша жұмысты үйлестіруші облыстық және оларға теңестірілген соттарының судьялары халықаралық сарапшылар Томас Паттерсон және Стивен МакКракенмен кәсіби оқыту бойынша білім алмасты.

2016 жылдың 1 жартыжылдығына Еңбекшілдер аудандық сотының жұмыс қорытындысы

15/07/2016

Еңбекшілдер аудандық соты 2016 жылдың 1 жартыжылдығында 164 азаматтық іс қарады, оның ішінде татуласу келісімін жасауымен 8 іс тоқтатылды.

Сонымен қатар, сотпен 13 азаматқа қатысты 12 қылмыстық іс қаралды. Сотталушыларға келесі жаза түрлері қолданылды: қоғамдық жұмысқа тарту - 1, бас бостандығын шектеу  - 9, шартты түрде бас бостандығынан айыру – 3, тараптардың татуласуымен 7 іс тоқтатылды.

Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

15/07/2016

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты азамат Т-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Т. сауда үйінің жанында қоғамдық орында бола тұра, темекінің тұқылын тастаған. Осы әрекетімен азамат Т. ұсақ бұзақылық жасап, ортақ пайдалану орнын ластаған, айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген.

Сот 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындады

15/07/2016

Ақмола облысы Жақсы аудандық соты азамат С-ға қатысты келісімдік іс жүргізуде қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат С. «Т» ЖШС-нің орталық тоқтың астық қоймасында миханизатор болып, жұмыс жасай отырып, 20 литрлік 8 канистр гербицидтерді ұрлаған. Сол күні ер азамат барлық жұмысшылардың кеткенін күтіп, тағы 20 литрлік 9 канистр гербицидтерді ұрлап,  «Т» ЖШС-не материалдық зиян келтірген.

Сотқа дейінгі  істі қарау кезінде прокурор мен сотталушының арасында кінәсін мойындау туралы процессуалдық  келісім жасалды.

Көкшетау қалалық соты дауды медиация тәртібімен реттеу арқылы 6 азаматтық және қылмыстық істерді қарады

15/07/2016

Көкшетау қалалық соты 2016 жылдың І жартыжылдығында медиация тәртібімен 5 азаматтық және 1 қылмыстық іс қарады.

Тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітуіне байланысты, 5 азаматтық іс өндіріспен тоқтатылды.

Медиация тәртібімен тараптардың татуласуына байланысты 1 қылмыстық іс тоқтатылды.

Мысалы, Көкшетау қалалық соты азаматша Б-ға қатысты қылмыстық іс қарады.