Архив событий

21/07/2016

Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін бір тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

21/07/2016

Зеренді аудандық соты азамат И-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады, ол қоғамдық орында бола тұра, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, темекінің тұқылын бекітілмеген жерге тастаған.

Сот қаулысымен азамат И. құқық бұзушылық жасағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен (Ұсақ бұзақылық) кінәлі деп танылып, оған бір тәулік мерзімге қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды. 

Ақмола облысының ардагерлері Ақмола облыстық сотының мұражайын тамашалады

21/07/2016

2016 жылдың 20 шілдесінде Ақмола облыстық сотының ардагер- судьяларының жұмыс тәжірибесімен алмасу аясында, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағалары және кәсіпорын мен мекемелерінің өкілдері облыстық соттың мұражайын тамашалады. Қонақтарды Ақмола облысының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл және оның орынбасары Амангелді Ақынов бастап келді. Ақмола облыстық сотының ардагер-судьялар Кеңесінің төрағасы М.Ғибәділов мұражайдың үш залына экскурсия өткізді.

Сот теріс қылық жасаған үшін автокөлік құралын басқару құқығынан айырумен айыппұл тағайындады

21/07/2016

Жақсы аудандық соты азамат Ж-ға қатысты қылмыстық іс қарады,  ол автокөлік құралдарын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, масаң күйде Жақсы ауылында автокөлікті басқарып, жол полиция қызметкерлерімен ұсталынған. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес азамат Ж.  жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Ағымдағы жылдың I жартыжылдығында 258 тұлға көлік құралын басқару құқығынан айырылды

21/07/2016

Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 2016 жылдың басынан көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде басқарған адамдарға қатысты 313 әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, аталған тұлғалар Қазақстан Республикасы Жол жүру Ережесінің 2-бөлімінің 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзып, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйінде көлік құралдарын басқарып, осы әрекетімен жол қозғалысына қауіп төндірген.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы А.Жұматова бейнеконференц байланыс тәртібімен өткен «Казақстан, достықпен балаға» атты республикалық конференциясына қатысты

21/07/2016

Ақмола облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы А.Жұматова 2016-2020 жылдарға балалар құқығы бойынша БҰҰ Комитетінің 70-і сессиясына ұсынымдарға арналған «Казақстан, достықпен балаға» атты республикалық конференциясына қатысты.

Ата-ананың балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылық

21/07/2016

Атбасар аудандық соты өзінің кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі өз ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін азаматша Д-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, әйел адам еш жерде жұмыс істемей, алкогольдік ішімдіктерді ішкен және үйден кетіп, бірнеше күннен кейін келіп жүрген балаларын оқуына көңіл бөлмеген және ата-аналардың жиналысына қатыспаған.