Архив событий

20/07/2016

Сот қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны тағайындады

20/07/2016

Ақкөл аудандық соты азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Азамат Б. Ақкөл қаласында ТҚО-ның қасында, темекі қалдығын жерге тастап, қоғамдық тәртіпті ластаған, ол осы әрекетімен ұсақ бұзақылық жасаған.   

Сот қаулысымен азамат Б. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен («Ұсақ бұзақылық») көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 тәулік әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.