Архив событий

13/07/2016

Сот әйелге кәмелетке толмаған ұлына түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болуына жол бергені үшін әкімшілік айыппұл тағайындады

13/07/2016

Ақмола облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық соты азаматша Ю-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, әйел өзінің кәмелетке толмаған ұлын сағат 23.00-ден 06.00 –ге дейін түнгі уақытта заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуына жол бергені анықталды. Аталған құқықбұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған.

Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін сот әйелге әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындады

13/07/2016

Ақмола облысы  кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық соты азаматша С-ға қатысты әкімшілік іс қарады.     

Сот анықтағандай, азамтша С., кәмелетке толмаған баласына ата-ананың тәрбиелеу және оқыту жөніндегі өзінің міндеттерін орындамай, алкогольдік ішімдікті қолданып, баласының үйде тұруына жағдай жасамаған.

60 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылды

13/07/2016

Ақмола облысы Атбасар аудандық соты билік өкіліне бағынбағаны үшін азамат Д-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат алкогольдік масаң күйде жол жүру бөлігінің ортасында болып, жол қауіпсіздігіне кедергі келтірген. Полиция қызметкері жол бөлігін және заңсыз іс-әрекеттің тоқтатуын талап еткен, алайда ер азамат полиция қызметкеріне құрметтемеушілік көрсетіп, қарсылық көрсеткен.

Облыс судьяларына қылмыстық істер бойынша сот актілерінің сапасы туралы семинар өтті

13/07/2016

Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Жанна Бердіғұлова қылмыстық істерді қарайтын облыс судьяларына қылмыстық істер бойынша сот актілерінің сапасы туралы  семинар  өткізді.

Ақмола облыстық соты еңбек және жер туралы заңнамалардың сұрақтары бойынша семинар өткізді

13/07/2016

Ақмола облыстық соты еңбек және жер туралы заңнамалардың сұрақтары және азаматтық істер бойынша сот актілерінің сапасы туралы  азаматтық істерді қарайтын облыс судьялары үшін семинар  өткізді.

Семинарда еңбек дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібі, еңбек даулар бойынша сот талқылауына істі дайындау әдістеме, еңбек қатынастардаң туындайтын даулар туралы тақырыптарымен баяндамалар тыңдалды.

Сот 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

13/07/2016

Ақмола облысы Ерейментау аудандық соты Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, Өзбекстан Республикасының азаматы Ерейментау қаласында тұрып, Қазақстан Республикасы көші-қон заңнамасының талаптарын орындамай, шетел азаматтары мен ішкі істер органдарында азаматтығы жоқ тұлғаларды тіркеудің мерзімін бұзған.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін әкімшілік жауаптылық

13/07/2016

Ерейментау аудандық соты өз зайыбын қорлағаны үшін азамат И-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат Торғай ауылында, өз үйінде жанжал шығарып, өз зайыбына былапыт сөйлеп, оған сыйламаушылық білдірген.

Сот қаулысымен азамат И. құқық бұзушылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) кінәлі деп танылып, оған 1  тәулік мерзіміне әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

2016 жылдың І жартыжылдығында Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты татуластыру рәсімдері тәртібімен 33 азаматтық іс қарады

13/07/2016

VI судьялар съезінде мемлекет басшысы Н.Назарбаев сот ісін жүргізуді жетілдіруге ерекше назар аударып, дауды бейбіт түрінде реттеу үшін жәрдемдесу жөнінде тапсырма қойған.

2016 жылдың І жартыжылдығында Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен 181 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 11 іс медиация тәртібінде дауды реттеу, 12 іс татуласу келісімін жасауымен қаралған. 

2016 жылдың І жартыжылдылдығында Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен кәмелетке толмағандарға қатысты 10 әкімшілік іс қаралды

13/07/2016

2016 жылдың І жартыжылдылдығында Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен кәмелетке толмағандарға қатысты темекінің тұқылдарын және шекілдеуік қабықтарын жерге тастап,  ортақ пайдалану орындарды ластағаны үшін 10 әкімшілік іс қаралды.

Сот еңбек ақы өндіру туралы талап арызды қанағаттандырды

13/07/2016

Есіл аудандық соты азамат М-ның «Есіл Э» ЖШС-нен еңбек ақы өндіру туралы талап арызы туралы азаматтық іс қарады.

Сотпен, азамат М-мен «Есіл Э» ЖШС-нің арасында еңбек шарты жасалып, соған сәйкес күзетші ретінде жұмыс істеген, кейін ол зейнеткерлікке кетіп, оған  бір айға еңбек ақы төленбегені анықталды.

Сот шешімімен азамат М-ның «Есіл Э» ЖШС-нен еңбек ақы өндіру туралы талап арызы жартылай қанағаттандырылды. «Есіл Э» ЖШС-нен азамат М-ның пайдасына 87 617 теңге еңбек ақы өндірді.

Сот 5 тәулік мерзімге қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады

13/07/2016

Ақмола облысы Ақкөл аудандық соты азамат И-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азамат И-дің өз үйінде алкогольдік масаң күйде жұбайына балағат сөздер айтқаны анықталды. Осы әрекетімен азамат И. айналасындағыларға құрметтемеушілік көрсетіп, жұбайының тыныштығын бұзған.

Сот ер азаматты жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатты

13/07/2016

Атбасар аудандық соты азамат Б-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Б. жәбірленушіні алдаумен сенімге қиянат жасау жолымен, әйелдің қайтыс болған ұлы үшін құлпытас құрылысына 40 000 теңге сомасында ақшалай қаражат алып, оны жеке мақсатында пайдаланған.

Сотқа, жәбірленуші сотталушымен татуласып, келтірілген материалдық залал толық көлемінде өтелгені және сотталушымен татуласуына байланысты, істі тоқтату туралы өтінішімен жүгінді.