Архив событий

11/07/2016

Ақмола облыстық соты азаматтық істерді қарайтын облыс судьяларына арналған семинар сабақ өткізеді

11/07/2016

2016 жылдың 12 шілдесінде сағат 15.00-де Ақмола облыстық соты азаматтық істерді қарайтын облыс судьяларына еңбек заңнамасының жаңалықтары, еңбек дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібі, еңбек даулар бойынша сот талқылауына істі дайындау әдістеме, өндiрiстегi жазатайым оқиғаға ұшырауын тергеудiң тәртiбi бойынша семинар сабағын өткізеді. 

Ақмола облыстық соты қылмыстық істерді қарайтын облыс судьяларына арналған семинар сабақ өткізеді

11/07/2016

2016 жылдың 12 шілдесінде сағат 15.00-де Ақмола облыстық соты қылмыстық істерді қарайтын облыс судьяларына келісім іс жүргізуде істерді қарау, халықаралық құқықтық көмек көрсету, тергеу судьялардың жұмысы,   тінтуді жүргізу және басқа сұрақтарын талқылау бойынша семинар сабағын өткізеді.  

 

Ақмола облыстық соты жас судьяларға арналған семинар сабақ өткізеді

11/07/2016

2016 жылдың 12 шілдесінде сағат 17.20-да Ақмола облыстық соты жас судьяларға арналған семинар сабақ өткізеді. Семинар жұмысында үкім құрастыру сапасы, тергеу судьялардың өкілеттілігі, сот отырысын жүргізу тәртібі, азаматтық істер бойынша сот актілерді құрастыру мен судья этика Кодексінің нормаларын сақтау туралы сұрақтар талқыланады.

Сот автокөлік құралын басқару құқығынан айырумен қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындады

11/07/2016

Атбасар аудандық соты азамат Х-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат автокөлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, жол полиция қызметкерлерімен ұсталынды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізушіде орта дәрежеде алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.