Сот шешімімен қайтыс болу фактісін анықтау бойынша арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 305-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сот азаматтардың немесе заңды тұлғалардың жеке не мүліктік құқықтарының туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына байланысты болатын фактілерді анықтайды. Аталған баптың 2-бөлігінің 8-тармағына сәйкес, сот азаматтық хал актілерін жазу органдары қайтыс болуды тіркеуден бас тартқан жағдайда, адамның белгілі бір уақытта белгілі бір мән-жайларда қайтыс болу фактілерін анықтау туралы істерді қарайды.

Мысалы, Бұланды аудандық соты Астана қаласында анасының қайтыс болу фактісін анықтау туралы азамат К-ның арызы бойынша азаматтық іс қарады. Соттан тыс тәртіпте қайтыс болу фактісін анықтау мүмкін болған жоқ, себебі азамат К. анасының медициналық куәландыру туралы анықтамасын ұсынбаған.

Бұланды аудандық сотының шешімімен азамат К-ның арызы қанағаттандырылып, оның анасының қайтыс болу фактісі анықталды.

 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі