Ортақ пайдалану орындарын ластағаны үшін әкімшілік айыппұл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер ұсақ бұзақылық болып танылады. Көрсетілген әрекеттерді жасау он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.

Бұланды аудандық сотымен азаматша Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Әйел адам Макинск теміржол бекетінде шекілдеуік қабықтарын жерге тастап, осы әрекетімен ортақ пайдалану орындарын ластаған.

Сотпен азаматша Б. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен («Ұсақ бұзақылық») көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 14 847 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салу жазасы тағайындалды.

 

    

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі