Ақмола облысының судьялары қашықтықтан оқыту тәртібімен өткізілген дәріс сабағына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы соттарының қылмыстық істерді қарайтын судьялары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен қашықтықтан оқыту тәртібінде ұйымдастырылған дәріс сабағына қатысты.

Дәріс сабағын экологиялық заңнаманы қолдану бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Т.Қожан онлайн режимде өткізді. Бейне дәрісте Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Р.Хайруллин «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу», «Балық қорларын қорғау қағидаларын бұзу» және басқа да тақырыптарда сөз сөйледі.

Сонымен қатар, бейне дәрісте Маңғыстау облыстық сотының судьясы Н.Тұржанов «Заңсыз аңшылық», «Жануарлар дүниесiн қорғау қағидаларын бұзу», «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу», «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау» және басқа да тақырыптарда сөз сөйледі.

Жоғарғы Сотының судьясы Т.Қожан, айыппұлды ұлғайту түрінде қосымша жаза тағайындау туралы айты. Сонымен қатар, келісім іс жүргізуінде қаралған кейбір істердің санаттарын атап өтті.

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың сот практикасы туралы және жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру, не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту жөнінде сұрақтар талқыланды.

Жоғарғы Соттың судьясы судьяларға Конвенцияларға сілтеме жасау, нормативтік қаулыларға назар аударуды тапсырды. 

Дәріс сабағында судьялар қойылған сұрақтарына жауап алды.

Бейне дәрісті тыңдағаннан кейін судьялар пікір алмасты.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі