Архив событий

02/08/2016

Көкшетау қалалық соты 15 азаматтық істі медиацияны қолданумен қарады

02/08/2016

Көкшетау қалалық соты 7 айдың ішінде медиация тәртібімен 15 азаматтық іс қарады.

Мысалы,  медиация тәртібімен тараптардың татуласуына байланысты Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 48-бабының, 277-бабының 6-тармақшасы және 278-бабының негізінде «Цеснабанк» АҚ-ның  «А» және «С» жеке кәсіпкерлерінен берешекті өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс тоқтатылды.

Сот ер адамға 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

02/08/2016

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат К-ның көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарған.

Ақмола облысының судьялары қашықтықтан оқыту тәртібімен өткізілген дәріс сабағына қатысты

02/08/2016

Ақмола облысы соттарының әкімшілік істерді қарайтын, Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының, жалпы юрисдикция аудандық соттарының облыс судьялары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен қашықтықтан оқыту тәртібінде ұйымдастырылған дәріс сабағына қатысты.