Архив событий

24/08/2016

Қойма бастығы цемент ұрлағаны үшін сотталды

24/08/2016

Ерейментау аудандық соты азамат Ж-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотпен,  ЖШС-нде цемент қоймасының бастығы  азамат  Ж.   қызметтік бабын пайдаланып, 33,5 тонна цементті ұрлағаны анықталды. Алайда, ұрланған цементпен автомашина тоқтатылып, қоймаға қайтарылғандықтан, ер азамат өзінің қылмыстық әрекетін аяқтай алмады.

Бұланды аудандық соты «Мектепке жол» республикалық акциясына қатысты

24/08/2016

Ақмола облысы Бұланды аудандық сотының судьялары мен сот қызметкерлері «Мектепке жол» республикалық акциясына қатысты.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған отбасы оқушыларына жаңа оқу жылына дайындық кезінде қолдау көрсету.

Сот некені бұзу туралы азаматтық іс бойынша ерлі-зайыптыларды татуластыру туралы медиативтік келісім бекітті

24/08/2016

Есіл аудандық соты некені бұзу туралы азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары бар, бірақ бірлесіп өмір сүруді және отбасын сақтауды мүмкін емес деп есептейді.

Сот отырысында тараптардан жанжалды реттеу туралы кәсіби емес медиатормен жасалған медиативтік келісім түсті.

«Талдау» Форумын қалыптастыру сұрақтары бойынша семинар сабағы

24/08/2016

2016 жылдың 24 тамызында сағат 11.00-де «Талдау» Форумын қалыптастыру сұрақтары бойынша судьялар мен Соттар әкімшісі құрылымдық бөлімдерінің басшыларына семинар сабағы өткізіледі.

Семинар сабағының үйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты.