Архив событий

04/08/2016

Ақмола облыстық соты Қазақстан халқының Ақмола Ассамблеясымен бірігіп «Медиация күні» республикалық акцияның шеңберінде «Ашық есік күнін» өткізеді

04/08/2016

2016 жылдың 5 тамызында сағат 10.00-де Ақмола облыстық соты Қазақстан халқының Ақмола Ассамблеясымен бірігіп «Медиация күні» республикалық акцияның шеңберінде «Ашық есік күнін» өткізеді.

Іс шараға Ақмола облысының судьялар қауымдастығы және этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері қатысады.

Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар тақырыбына қашықтықтан оқыту сабағы өткізіледі

04/08/2016

2016 жылдың 5 тамызында сағат 15.00-де отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар тақырыбында Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының және қылмыстық істерді қарайтын  облыс судьялардың қатысуымен қашықтықтан оқыту сабағы өткізіледі.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты болып табылады. Шығыс Қазақстан облыстық соты баяндамалар бойынша  жауапты аймақ болып бекітілді.

 

Сот әдейi банкроттық жасағаны үшін кінәлі тұлғаларды 11 және 10 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады

04/08/2016

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  «М» ЖШС-нің директорына, РМК-ның маманына, конкурстық басқарушысына және конкурстық басқарушысының көмекшісіне қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат О. «М» ЖШС-нің директоры, «С» ЖШС-нің және басқа да мекемелердің басшысы болып, қаражатты ірі мөлшерінде алу үшін әртүрлі АҚ-мен шарттар жасаған. Алған қаражатты өзінің жеке мақсатында қолданып, берешектерді шарт бойынша өтемеген.

Жақсы аудандық соты Ашық есік күнін өткізді

04/08/2016

Жақсы аудандық соты «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдану күні қарсаңында аудандық әкімдікпен бірлесіп Ашық есік күнін өткізді.

Іс-шараға Жақсы аудандық сотының судьялары, әкімдіктің өкілдері, кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Жақсы аудандық сотының судьясы Ғ.Бақтығұлова іс-шараға қатысушыларға «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелерін түсіндірді.

Мәжбүрлі еңбекке тыйым салу

04/08/2016

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес мәжбүрлі еңбекке тыйым салынған.  Мәжбүрлі еңбек қандай да бір адамнан қандай да бір жаза қолдану қатерімен талап етілетін, оны орындау үшін бұл адам ерікті түрде өз қызметтерін ұсынбаған кез келген жұмысты немесе қызметті білдіреді.

Сот 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады

04/08/2016

Ақмола облысы Ақкөл аудандық соты азамат Д-ға  қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Д. есірткілік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, жол қозғалысына қауіп төндірген. Осылайша, ер адам Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімі 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзған.

«Күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді

04/08/2016

Ақмола облысы Ақкөл аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы («Алаяқтық») бойынша қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған азаматша С-ға қатысты  «Күзетпен ұстау» түрінде бұлтартпау шарасына санкция беру туралы Ақкөл аудандық ішкі істер бөлімі тергеушісінің өтінішхатын қарады.