Архив событий

17/08/2016

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты семинар өткізеді

17/08/2016

2016 жылдың 19 тамызында сағат 15.00-де Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «Адам өлтіру, басқа да қылмыстармен ұштасқан қылмыстық істерді қараудың ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізіледі. Семинар жұмысына судьялар мен сот мамандары қатысады.

Есіл аудандық соты дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу бойынша істер қарады

17/08/2016

Тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге құқылы. Бірінші сатыдағы сотта медиацияны өткізу үшін іс басқа судьяға беріледі. Тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін. Медиацияны апелляциялық сатыдағы сотта өткізу үшін іс, әдетте, соттың алқалы құрамындағы судьялардың біріне беріледі.

Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін сот әйелге әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындады

17/08/2016

Ақмола облысы  Есіл аудандық  соты азаматша Р-ға қатысты әкімшілік іс қарады.     

Сот анықтағандай, азамтша Р. кәмелетке толмаған төрт баланың анасы бола тұра, ата-ананың тәрбиелеу және оқыту жөніндегі өзінің міндеттерін орындамай, алкогольдік ішімдікті қолданады.

Тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды

17/08/2016

Атбасар аудандық соты медиацияны қолданумен азаматша Г-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азаматша Г. азаматша Р-мен, жалған есіммен өзін таныстырып, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы 10 000 теңге соммасында ақшалай қаражатына ие болды.

Сотта, басты сот отырысын дайындалу бөлігінде  азаматша Г. және оның қорғаушысы жәбірленушімен медиативтік келісімге келгеніне байланысты қылмыстық істі қысқарту туралы өтінішпен жүгінді.