Архив событий

01/08/2016

Еңбек шарты тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша тоқтату негіздері

01/08/2016

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес еңбек шарты тараптардың еркінен тыс мына мән-жайлар бойынша:  жергілікті атқарушы органдар шетелдік жұмыскерге жұмысқа орналасуға не шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды кері қайтарып алған не тұруға ықтиярхаттың қолданылу мерзімі өткен кезде; жұмыскер не жұмыс беруші - жеке тұлға еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын жазаға сотталған сот үкімі заңды күшіне енген кезде; жұмыскер не жұмыс беруші - жеке тұлға қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот жұмыскерді не жұмыс беруші - жеке тұлғаны қайтыс б

Қашықтықтан жұмыс істеу

01/08/2016

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 138-бабына сәйкес, қашықтықтан жұмыс істеу жұмыс процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, еңбек процесін жұмыс беруші орналасқан жерден тысқары жерде жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады.

Сот әйелге Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады

01/08/2016

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Ресей Федерациясының азаматшасына қатысты әкімшілік іс қарады. 

Сот анықтағандай, Ресей Федерациясының азаматшасы 2016 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының аумағына келіп, ішкі істер органдарының тіркеуінен өтпеген. Осы әрекетімен, ол көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының қағидаларын бұзған.   

Сот ер адамға 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

01/08/2016

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Б. көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, алкогольдік масаң күйде мотоцикл құралын мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнсіз басқарып, жол полиция қызметкерлерімен ұсталынды.

Бұланды аудандық соты Ашық есік күнін өткізеді

01/08/2016

2016 жылдың 5 тамызында сағат 10.00-ден 11.30-ге дейін Ақмола облысының Бұланды аудандық соты Бұланды ауданының тұрғындары үшін Ашық есік күнін өткізеді.

Ашық есік күні сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз етуге, азаматтардың тұрғындарға сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында өткізіледі. Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша заңды тұлғалардың өкілдеріне және азаматтарға Бұланды аудандық сотының төрағасы және кеңсе меңгерушілері қабылдайтын болады.