Архив событий

31/08/2016

Целиноград аудандық сотының ұжымы «Мектепке жол» республикалық акциясына қатысты

31/08/2016

Аз қамтылған және көп балалы отбасыларының оқушыларына, жетім балаларға және ата‑аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету мақсатымен Ақмола облысы Целиноград аудандық соты «Мектепке жол» республикалық акциясына қатысты.

Целиноград аудандық сотының судьялары мен мамандары аз қамтылған отбасыларына материалдық  көмек көрсетіп, Новоишимск орта мекетебінің оқушысын мектеп формамен қамтамасыз етті. Оқушының анасы көрсетілген көмек пен көңіл бөлгендеріне өз алғысын білдірді.

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мамандарға семинар сабақ өткізді

31/08/2016

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Өзге де қылмыстық істермен ұштасқан, кісі өлтіру туралы қылмыстық істерді қарау ерекшелігі. Қаралатын сот істерін рәсімдеу және сотқа адамдарды келуін қамтамасыз ету» тақырыптарында сот мамандары үшін семинар сабақ өткізді.

Судья С.Баймағамбетов Қылмыстық процестік кодексте, Қылмыстық кодексте және нормативтік қаулыларда адам өлтіру туралы қылмыстық істерді қарау ерекшелігі көзделгені жөнінде атап өтті.

Азаматтық іс медиацияны қолдануымен қаралды

31/08/2016

Еңбекшілдер  аудандық соты ерлі-зайыптылар арасындағы мүлікті бөлу туралы азаматтық  істі медиацияны қолдануымен қарады. 

Сот анықтағандай, бұрыңғы ерлі-зайыптылар бірге тұрған некеде екі жақ бірдей келісімімен отбасының мұқтаждылығына несие алған. Енді неке бұзғаннан кейін мүлікті бөлу туралы шешім қабылдады.  Сотта, тараптар дауды реттеу  туралы медиация тәртібімен медиативтік келісімге келген.        

Сот медиативтік келісімін бекітті, шарттары бойынша тараптар бірге банктік несиені өтейді.

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына түскен сот қызметкерлерін құттықтады

31/08/2016

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Д.Сарымсақов Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына түскен сот қызметкерлерімен кездесті.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы ерекше мәртебеге ие жоғарғы оқу орны болып табылады, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанынан құрылып, сот жүйесі үшін мамандандырылған білім беру қызметін ұсынады.

Ақмола облысы Целиноград аудандық соты Қазақстан Республикасы Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өткізді

31/08/2016

Ақмола облысы Целиноград аудандық соты Қазақстан Республикасы Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді.

Бұл іс-шараға Целиноград ауданының «Нұр Отан» партиясы филиалының, прокуратура, әкімшілік өкілдері және кәсіптік емес медиаторлар  қатысты.

Ақмола облыстық сотында Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес судья қызметіне үміткерлерді талқылау бойынша отырыс өткізді

31/08/2016

Ақмола облыстық соты жанындағы Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот судьясының, облыстық және оған теңестірілген соттардың судьяларының, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының бос лауазымдарына орналасу үшін Жоғары Сот Кеңесімен жарияланған конкурсқа қатысатын үміткерлерді талқылау бойынша отырыс өткізді.