Архив событий

29/08/2016

Ақмола облыстық соты Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты іс -шара өткізді

29/08/2016

Ақмола облыстық соты Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты іс -шара өткізді.

Іс-шарада жаңа тағайындалған судьялар Қ.Қазизова, Е.Күмісбеков және Д.Байниязов облыстың судьялар қауымдастығының алдында өз міндеттерін адал және абыройлы атқаруға, сот төрелігін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына ғана бағына отырып жүзеге асыруға, судья ретіндегі борышын міндеттегендей бейтарап және әділ болуға салтанатты   түрде ант қабылдады.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қаралды

29/08/2016

Жақсы аудандық соты ұсақ-түйек жымқырғаны үшін азамат Ш-ға қатысты қылмыстық іс қарады.  

Сотпен, азамат Ш. азамат Т-ның қорасына заңсыз кіріп, канистрді бензинімен ұрлағаны анықталды.

Сотта жәбірленушіден медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісімнің жасауына және татуласуына байланысты сотталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы  өтініші түсті.