Архив событий

05/08/2016

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты дөңгелек үстел өткізді

05/08/2016

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Соттарда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбында үкіметтік емес ұйымдармен дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға кеңсе меңгерушісі, сот қызметкерлері, Ақмола облысының кәсіподақ өкілдері, Ақмола облысының қызыл ай қоғамдық ұйымының басшысы және «Феминистская лига» қоғамдық бірлестігі қатысты.

Сот айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады

05/08/2016

Степногорск қалалық соты азамат Л-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Л. Степногорск қаласында автокөлік құралын басқарып, басты жолда келе жатқан  азамат М-ның автокөлігімен соқтығысқан. Нәтижесінде, азамат. М-ға материалдық зиян келтірілді.

Сот автокөлік құралын басқару құқығынан айырумен қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындады

05/08/2016

Степногорск қалалық соты қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін азамат Д-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай,  азамат Д.  автокөлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра,  Степногорск қаласында алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, полиция қызметкерлерімен  ұсталған. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес азамат Д. орта дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған.

Сот сотталушының өтінішхатын қанағаттандырусыз қалдырды

05/08/2016

Ақмола облысы Енбекшілдер аудандық соты сотталушы У-дың жазаны өтеуін шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату туралы өтініш хатын қарады.

Енбекшілдер аудандық сотының үкімімен азамат У. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің 188 - бабы 2- бөлігінің 1- тармағымен («Ұрлық») сотталып, оған тиесілі жеке мүлкін тәркілеумен,  1 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу  түрінде жазасы тағайындалған.      

Сотталушы У. соттан жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуын сұраған.