Архив событий

12/08/2016

Сот есірткі заттарды өткізу және заңсыз сақтағаны үшін 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады

12/08/2016

Ақмола облысының қылмыстық істер  жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат З-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат өзінің тұрғылықты үйінде «героин» есірткі затын заңсыз сақтаған және «героин» салмағы 1,09 грамм есірткі затты өте ірі мөлшерде шартты сатып алушыға қаражатқа өткізген. Азамат З-нің жертөле үй-жайын тінту барысында заңсыз сақталған 4,37 грамм «кептірілген марихуана» шағын мөлшерінде табылып, сонымен қатар, өткізу мақсатында сақталған 0,64 грамм салмағында «героин» алынған.

Бұланды аудандық соты «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» семинар сабақ өткізді

12/08/2016

Бұланды аудандық соты сот қызметкерлерінің терроризмге қарсы қорғалуын, күзетілетін объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы бойынша антитеррорлық тұрғыда дайындалған әдістемелік ұсынымдарды түсіндіруге арналған семинар сабақ өткізді.

Бұланды аудандық сотының аға сот приставы Д. Нуралин баяндамамен сөз сөйлеп, қызметкерлерге «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» заңының негізгі ережелерін, төтенше жағдай қауіпі төнген жағдайдағы іс-қимылдарын және сот ғимаратында өткізу тәртібін сақтау ережелерін түсіндірді.

 

Сот материалдық шығынды өтеу туралы азаматтық іс бойынша татуласу келісімін бекітті

12/08/2016

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты азамат О-ның жауапкер С-дан материалдық шығынды өтеуі туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, талапкер О-ның дүкенін су басқан, нәтижесінде оған материалдық шығын келтірілді. Осылайша азаматша О. жауапкерден материалдық шығынды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот отырысында тараптардан дауды татуласу келісіммен реттеу туралы өтінішхаттары түсті.

Сот Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл тағайындады

12/08/2016

Ақмола облысы Аршалы аудандық соты жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, 2016 жылдың 7 маусымында Аршалы ауданы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы тауардың таңбалауы болмағандығына байланысты, жеке кәсіпкерге тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық қолайлығы үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамасын берген, бірақ жеке кәсіпкер аталған нұсқаманы орындамаған.

Сот 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады

12/08/2016

Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққан тұлғаларға қатысты 324 әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, құқық бұзушылар жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып, жол қозғалысына қауіп төндірген. Осы әрекетімен, құқық бұзушылар Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 9-бөлімнің 2-тармағының талаптарын бұзған.