Архив событий

19/08/2016

Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады

19/08/2016

Егіндікөл аудандық соты Егіндікөл ауданының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, масаң күйдегі ер азамат Егіндікөл аудандық сот ғимаратының жанында өзінің сот отырысына келмеген зайыбына былапыт сөйлеген.

 Сот қаулысымен ер азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен (Ұсақ бұзақылық) құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Еңбекшілдер аудандық соты үкімдерді орындау сұрақтары бойынша семинар өткізді

19/08/2016

Еңбекшілдер аудандық соты пробация қызметі өкілдерінің қатысуымен  «Сот үкімін орындау» тақырыбында семинар сабақ өткізді.

Кеңсе меңгерушісі Н.Берсүгірова заңды күшіне енген сот үкімдерін орындау міндеті жүктелген сот отырысының хатшыларына ҚР ҚПК-нің 470-бабының 2-бөлігінің талаптарын сақтаудың қажеттілігі жөнінде ескертті.

Пробация қызметінің бөлімше бастығы Н.Мухамедьянова атқару парақтары туралы хабарлама сотқа жолданып, тоқсан сайын салыстыру актілері жүргізілетіні туралы хабарлады.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін әкімшілік жауаптылық

19/08/2016

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты азамат С-қа  қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азамат С. әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін, бір жыл ішінде қайталап әкімшілік құқық бұзушылық жасаған,  отбасылық  ұрыс-керіс кезінде, былапыт сөйлеп, сыйламаушылық білдіріп, мекен-жайда тыныштықты бұзғаны анықталды.

Целиноград аудандық соты жол-көлік оқиғасы кезінде жануармен соқтығысу салдарынан келтірілген материалдық залалды өндіру жөніндегі азаматтық істі қарады

19/08/2016

Целиноград аудандық соты азамат Р-дің талап арызы бойынша  З. және К. азаматтарға қараусыз қалған жануардың жол-көлік оқиғасынан шығынды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот медиативтік келісімді бекітті

19/08/2016

Жақсы аудандық соты Р. және Ф деген азаматтарға азамат Т-ның   шығынды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.  

Сот анықтағандай, азаматтық іс сот талқылауына дайындау кезінде Т. талапкерден және азаматтардан кәсіби емес медиатордың қатысуымен жасалған жанжалды реттеу туралы жазбаша келісім түсті (медиативтік келісім).   

Сот ұйғарымымен тараптардың арасында жанжалды реттеу туралы медиативтік келісім бекікітілді және іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

 

Сот әйелге жұбайын өлтіргені үшін 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жазасын тағайындады

19/08/2016

Ақмола облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматша Г-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, спирттік ішімдік ішу барысында, қызғаныш салдарынан, ерлі-зайыптылардың арасында кикілжін пайда болды. Масаң күйдегі зайыбы өзінің жұбайын темір қалақпен басына және пышақпен кеудесіне соққылар жасаған. Кейін, әйел мәйітті жерқоймасына тастаған.

Сот денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады

19/08/2016

Енбекшілдер аудандық соты азамат И-ға қатысты келісімдік іс жүргізуде қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат И. спирттік ішімдікті  ішіп, кикілжің салдарынан азамат З-ның бетіне жұдырықпен көптеген соққы жасаған. Нәтижесінде алған пышақ соққысынан ер адам оқиға орнында қайтыс болды.

Сотқа дейінгі  істі қарау кезінде прокурор мен сотталушының арасында кінәсін мойындау туралы процессуалдық  келісім жасалды.

Тараптардың татуласуына байланысты құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды

19/08/2016

Зеренді аудандық соты азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат тұрғын үйінде бола тұра, жанжал шығарып, өз зайыбына былапыт сөйлеп, оған сыйламаушылық білдірген және тұрғын үйінде оның тыныштығын бұзған.

Сот отырысында сотталушы өз зайыбайымен татуласуына байланысты істі тоқтатуын сұраған, жәбірленуші жұбайына талабы жоқ екені және оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуына келісті.