Архив событий

18/08/2016

Еңбекшілдер ауданының әкімі мен сот төрағасы меморандумға қол қойды

18/08/2016

Еңбекшілдер ауданының әкімі А.Қиықов және аудандық соттың төрайымы Г.Анарбекова дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарының қолдануын кеңейту және жан-жақты дамыту туралы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум азаматтардың дауларды баламалы тәсілдермен шешу мәселелері бойынша құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында қол қойылды.  

Медиативтік келісімді жасауына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды

18/08/2016

Атбасар аудандық соты азамат Б-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Б. мен азамат Ш. көлік құралдарына заңсыз кіруімен, аккумуляторларды, автомагнитоланы, флеш картаны, қосалқа доңғалақты және бензинді бірнеше рет автокөліктерден ұрлаған.

Басты сот талқылауының дайындық бөлігінде сотталушы кәсіби медиатордың қатысуымен жәбірленушілерімен жасаған медиативтік келісіміне байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішпен жүгінген.

Тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды

18/08/2016

Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты азаматша К-ның денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтiргені бойынша айыпталушы азаматша Б-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотта сотталушы жәбірленушіге келтірген зиянды өтегендігі және онымен татуласқанына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтініштері түсті.

Сот қаулысымен азаматша Б-ға қатысты қылмыстық іс тараптардың татуласуына және келтірілген зиянды толық көлемде өтеуіне байланысты тоқтатылды.

Қашықтықтан оқыту сабағы өткізіледі

18/08/2016

2016 жылдың 19 тамызында сағат 15.00-де «Меншікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» тарыбында судьялар үшін қашықтықтан оқыту сабағы өткізіледі.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты. Жауапты аймағы болып Ақмола облыстық соты бекітілді.

Сот шешімімен иелену мерзiмiне сәйкес меншік құқығын тану туралы талап арыз қанағаттандырылды

18/08/2016

Атбасар аудандық соты азаматша П-ның Атбасар ауданының әкімдігі және азаматша А-ға иелену мерзiмiне сәйкес меншік құқығын тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, азаматша П. 2003 жылы Атбасар ауданының әділет басқармасында тіркелген азаматша А-ның марқұм анасының үйін сатып алған.

Талапкер үйге ие болған кезіңнен бастап, оны өзiнiң жеке мүлкiндей ұқыпты, ашық және ұдайы иеленген. 12 жылдан аса коммуналдық қызметтерін төлеп, жөндеу жүргізеді.

Сот есірткі заттарды өткізгені, өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады

18/08/2016

Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі көлемінде есірткі заттарды өткізу, өткізу мақсатында заңсыз сақтау және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін азамат Б-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Б. және оның таныс адамы арасында кикілжін пайда болды. Жанжал барысында азамат Б. өзінің танысына пышақпен соққы жасаған. Алған пышақ жарақатының нәтижесінде ер азаматтың денсаулығына ауыр зиян келтірілді.

Еңбекшілдер ауданында медиация кабинеті ашылды

18/08/2016

Еңбекшілдер ауданында медиация кабинеті ашылды. Ашылу салтанатына аудандық соттың төрайымы, әкім, аудан прокуроры, кәсіби медиатор және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Аудандық сот төрайымы Г.Анарбекова медиация кабинетінің ашылуы соттағы жүктемені азайтуға, сонымен қатар, дауласқан тараптардың уақыты мен шығынын үнемдеуге мүмкіндік туғызады деп атап өтті.

Аудан әкімі А.Қиықов азаматтарға даулы мәселені сотқа жеткізбей шешудің қосымша мүмкіндігі ұсынылып отырғанын атап өтті.

Сот әскери қызметшіге Қазақстан Республикасының әскери қызмет саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жаза тағайындады

18/08/2016

Ақмола облысы Атбасар аудандық соты  әскери қызметшіге қатысты  әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, әскери қызметші 2016 жылдың 7-9  шілде аралығында дәлелсіз себептермен қызмет орнында болмаған.

Сот қаулысымен әскери қызметші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 652-бабының 3-бөлігімен  («Қазақстан Республикасының әскери қызмет саласындағы заңнамасын бұзу») оған көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.