Еңбекшілдер ауданында медиация кабинеті ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Еңбекшілдер ауданында медиация кабинеті ашылды. Ашылу салтанатына аудандық соттың төрайымы, әкім, аудан прокуроры, кәсіби медиатор және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Аудандық сот төрайымы Г.Анарбекова медиация кабинетінің ашылуы соттағы жүктемені азайтуға, сонымен қатар, дауласқан тараптардың уақыты мен шығынын үнемдеуге мүмкіндік туғызады деп атап өтті.

Аудан әкімі А.Қиықов азаматтарға даулы мәселені сотқа жеткізбей шешудің қосымша мүмкіндігі ұсынылып отырғанын атап өтті.

Медиация кабинетінің ашылуы – тұрғындарға құқықтық қызмет көрсетудің тағы бір қадамы.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі