Архив событий

08/08/2016

Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқарғаны үшін қылмыстық жауаптылық

08/08/2016

Шортанды аудандық соты қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін азамат В-ға  қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат В., автокөлік құралдарын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, масаң күйде Бектау ауылында автокөлікті басқарып, жол полиция қызметкерлерімен ұсталынды.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес азамат В. алкогольдік жеңіл дәрежедегі масаң күйде болғаны анықталды.

Сот 120 сағат көлемінде тегiн қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындады

08/08/2016

Шортанды аудандық соты қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін азамат Х-ға  қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Х. кептірілген марихуана - есірткі затты жеке қолдануы үшін өзінің гаражында сақтаған.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес азамат Х. каннабиноидтерді қолданғаны, есірткілік масаң күйде болғаны анықталды.

Сотталушы кінәсін толық мойындап, теріс қылық жасағанына өкінді.

Сот есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін 140 сағат көлемінде қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындады

08/08/2016

Ақмола облысы Есіл аудандық соты азамат Ф-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында, азамат Ф-ның пәтерінде өткізу мақсатынсыз сақтаған, 1,4 грамм мөлшерде кептірілген есірткі заты-марихуана тәркіленген.

Ақмола облысының судьялары қашықтықтан оқыту тәртібімен өткізілген дәріс сабағына қатысты

08/08/2016

Ақмола облысы соттарының қылмыстық істерді қарайтын және Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен қашықтықтан оқыту тәртібінде ұйымдастырылған дәріс сабағына қатысты.

Дәріс сабағын «Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» тақырыбында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Д.Нуралин онлайн режимде өткізді.

Сот 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады

08/08/2016

Ақмола облысы Ақкөл аудандық соты азамат Б-ға  қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Б. есірткілік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, жол қозғалысына қауіп төндірген. Осылайша, ер адам Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімі 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзған.

Сот дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітті

08/08/2016

Шортанды аудандық соты азаматша Х-дан берешек сомасын өндіріп алу туралы азаматша Н-нің талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, тараптар кәсіби емес медиатордың қатысуымен медиативтік келісім жасап, оны бекіту үшін сотқа жүгінген.

Медиативтік келісім келесі шарттар бойынша жасалды: жауапкер берешек сомасын төлеуд, ал талапкер өзінің талап арызынан бас тартуды міндеттенеді. Тараптар берешекті толық көлемінде өтегеннен кейін бір-біріне наразылығын білдірмейді.