Архив событий

16/08/2016

Сот қаулысымен кәмелетке толмаған балалардың анасына әкімшілік айыппұл тағайындалды

16/08/2016

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған төрт баланың анасына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азаматша И. кәмелетке толмаған төрт баланың анасы бола тұра, 2015 жылдың желтоқсанынан бастап балаларының тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi ата-ана мiндеттерін  орындамай, ішімдік ішкен.

Сот кәмелетке толмаған ұлының мүддесін қорғау мақсатында жәбірленушінің пайдасына моральдық зиян өндірді

16/08/2016

Көкшетау қалалық соты жеке кәсіпкерден моральдық зиянды өндіру жөніндегі азамат К-ның талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, әйел адам ұлын жүзу үйірмесіне сабаққа әкелген. 30 минуттан кейін ұлының жылағанын естіп, залға барған. Ұлы баспалдақтың жанындағы үштік темірге аяғын жаралаған. Облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде ұлына «Он аяғында жара» диагнозы қойылған. Сотта талапкер жауапкерден 700 000 теңге көлемінде моральдық зиянның өтемақысын өндіруді сұраған.  

Сот 15 тәулік мерзімге қамаққа алу және 6 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды

16/08/2016

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты азамат С-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат С. алкогольдік масаң күйде, Көкшетау қаласында автокөлік басқарып, полиция қызметкерлерімен тоқтатылған. Сондай-ақ, азамат С. сот қаулысымен тағайындалған әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес азамат С.  жеңіл дәрежеде алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Шетел азаматының Қазақстан Республикасы халықтың көші- қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жаза

16/08/2016

Шортанды аудандық соты Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының аумағына келіп, жұмысқа орналасуға 2015 жылдың 25 тамызына дейін рұқсат алып, Астана қаласының ішкі істер департаментінде тіркелген. Бірақ нақты Шортанды ауданында тұрған.

Еңбекшильдер аудандық соты ауылдық округтердің әкімдерімен кездесу өткізді

16/08/2016

Сот төрайымы Г.Анарбекова «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы заңын насихаттау мақсатында ауылдық округтердің әкімдерімен кездесу өткізді. Кездесу аудандық әкімдікте өтіп, оған аудан әкімінің орынбасары О.Ахметова, ауылдық округтердің әкімдері және мамандар қатысты.

Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады

16/08/2016

Шортанды аудандық соты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат Шортанды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ғимаратында сол мекеменің мамандарына былапыт сөйлеп, олардың адами қадiр-қасиетiн қорлаған және қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сотта құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкінді.

Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды

16/08/2016

Ақмола облысы Сандықтау аудандық соты азаматша А-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азаматша А. тұрғын үйдің ішінде болып, екі әйелге тиесілі ақша мен ұялы телефонды жымқырған.

Сот отырысы барысында жәбірленушілерден сотталушы А-ға қатысты татуласу және келтiрiлген зиянды қалпына келтіру туралы медиация келісімімен қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішхат түсті.

Сотта азаматша А.  кінәсін толық мойындады, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

Отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас аясында құқыққа қарсы іс-әрекет жасағаны үшін 10 тәулік мерзімге қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

16/08/2016

Бурабай аудандық соты азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат өз үйінде жанжал шығарып өз анасына былапыт сөз сөйлеген. Осы әрекетімен, азамат К. жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап құқық бұзышылық жасаған.