Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Сандықтау аудандық соты азаматша А-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азаматша А. тұрғын үйдің ішінде болып, екі әйелге тиесілі ақша мен ұялы телефонды жымқырған.

Сот отырысы барысында жәбірленушілерден сотталушы А-ға қатысты татуласу және келтiрiлген зиянды қалпына келтіру туралы медиация келісімімен қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішхат түсті.

Сотта азаматша А.  кінәсін толық мойындады, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

Сот қаулысымен  келтiрiлген зиянды қалпына келтіру және жанжалды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 68-бабының 1-бөлігі («Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату») негізінде сотталушыға қатысты Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен («Ұрлық») көзделген қылмыстық іс тоқтатылды. 

Источник: 
Ақмола облысытық сотының баспасөз қызметі