Архив событий

23/08/2016

1 қыркүйегінен бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларды электронды түрде ұсыну бойынша жоба іске қосылады

23/08/2016

2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Республиканың барлық мамандандырылған әкімшілік соттарында сақтандыру компанияларына электрондық түрде әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларды ұсыну бойынша жоба іске қосылады.

Заңды күшіне енгеннен кейін сот қаулысы электрондық нысанда сақтандыру компаниясына автоматты түрде жолданатын болады. Ойдағыдай жұмысты ұйымдастыру үшін әкімшілік полиция органдары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада сақтандыру полистің нөмірі мен сақтандыру компаниясының атауын көрсету керек.  

Судьялар қашықтықтан оқыту тәртібімен өткізілген дәріс сабағына қатысты

23/08/2016

2016 жылдың екінші жартыжылдығының бірыңғай классификатор санатындағы істердің оқыту тәртібінің өткізу тізіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен қашықтықтан ұйымдастырылған дәріс сабағы өткізілген.

Дәріс сабағын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының судьясы Б.Шермухаметов онлайн режимде өткізді.

Аудандық пошта байланысы торабының төрт қызметкері ақшалай қаражат жымқырғаны үшін сотталды

23/08/2016

Ақмола облысы Астрахан аудандық соты ақшалай қаражат жымқырған деп айыптау бойынша «Қазпошта» АҚ Ақмола облыстық филиалы Астрахан ауданының пошта байланыс торабының төрт қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қарады.

Астрахан ауданы пошта байланыс торабының басшысы, оның орынбасары, бас бухгалтер және касса меңгерушісі 2013-2015 жылдар аралығында ірі мөлшерде қаржы жымқырған. Сонымен қатар, өздерінің қылмыстық әрекетін жасыру мақсатында, аталған қызметкерлер бухгалтерлік құжаттарға жалған жазбалар енгізіп, қызметтiк жалғандық жасаған.