Архив событий

15/08/2016

Мемлекеттік саяси қызметке кіру

15/08/2016

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының 14-бабына сәйкес  азаматтардың мемлекеттік саяси қызметке кiруi тағайындалу не сайлану негiзiнде, сондай-ақ басқа да жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және шарттарда жүзеге асырылады.

Егіндікөл аудандық соты 2016 жылдың 7 айы ішінде татуластыру рәсімдерін қолданумен 4 азаматтық іс қарады

15/08/2016

Егіндікөл аудандық соты 2016 жылдың 7 айы ішінде татуластыру рәсімдерін қолданумен 4 азаматтық іс қарады, оның ішінде 3  «Қазақтелеком» АҚ-ның жеке тұлғалардан азамат С. пен азамат Р-дан телекоммуникация қызметтері үшін материалдық шығынды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 48-бабының, 277-бабының 6-тармақшасы негізінде іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуы бойынша қысқартылды.

 

Ақмола облысының судьялары қашықтықтан оқыту тәртібімен өткізілген дәріс сабағына қатысты

15/08/2016

Ақмола облысы соттарының қылмыстық істерді қарайтын Ақмола облысы сотының судьялары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен қашықтықтан оқыту тәртібінде ұйымдастырылған дәріс сабағына қатысты.

Дәріс сабағын қылмыстық заңның керi күшi, азаптаулар, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да тақырыптарында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьялары Ө.Ибраев, А.Жүкенов, Е.Арипов және Қ.Шаухаров онлайн режимде өткізді.

Целиноград аудандық соты «Медиация күні» аясында дөңгелек үстел өткізді

15/08/2016

Ақмола облысы Целиноград аудандық соты «Нұр Отан» партиясының Целиноград аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, әкімдік өкілдері және кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітілді

15/08/2016

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматша О-ның азамат К-ға кәмелетке толмаған баланың әкесін анықтау және одан алиментті өндіріп алу туралы талап арызын қарады.

Сот анықтағандай, азаматша О. азамат А-ға кәмелетке толмаған баланың әкесін анықтау және алиментті өндіру туралы талап арызы бойынша жүгінген.