Архив событий

26/08/2016

Сот татуласу келісімін бекітті

26/08/2016

Ақмола облысы Есіл аудандық соты азамат А-ның жауапкер Д-дан берешекті өндіріп алу туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат А. жауапкерге 100 000 теңге тұратын су құятын ыдысты сатқан, ал жауапкер бір аптадан кейін ақшаны беруге міндеттелді, бірақ өз міңдетін орындамаған.

Сот отырысында тараптардың арасында дауды татуласу келісіммен реттеу туралы өтінішхаттары түсті.

Ақмола облыстық сотында пилот жобаны қосу бойынша сұрақтар талқыланды

26/08/2016

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Д.Сарымсақов сақтандыру компанияларына әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша электрондық түрде қаулыларды ұсынудың пилот жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Ақмола облыстық соты жанындағы Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес судья қызметіне үміткерлерді талқылау бойынша отырыс өткізеді

26/08/2016

2016 жылдың 26 тамызында сағат 12.00-де Ақмола облыстық соты жанындағы Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот судьясының, облыстық және оған теңестірілген соттардың судьяларының, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының бос лауазымдарына орналасу үшін Жоғары Сот Кеңесімен жарияланған конкурска қатысатын үміткерлерді талқылау бойынша отырыс өткізеді.