Сот татуласу келісімін бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Есіл аудандық соты азамат А-ның жауапкер Д-дан берешекті өндіріп алу туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат А. жауапкерге 100 000 теңге тұратын су құятын ыдысты сатқан, ал жауапкер бір аптадан кейін ақшаны беруге міндеттелді, бірақ өз міңдетін орындамаған.

Сот отырысында тараптардың арасында дауды татуласу келісіммен реттеу туралы өтінішхаттары түсті.

Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы татуласу келісімі келесі шарттар бойынша бекітілді: жауапкер 2016 жылдың қыркүйек айының 15-не дейін 150 000 ақшалай қаражатты қайтаруға міндеттелді, ал талапкер берешекті өндіріп алу туралы талап арызынан бас тартты.

Источник: 
Ақмола облысытық сотының баспасөз қызметі