Архив событий

09/08/2016

Целиноград аудандық соты "Терроризмге: қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

09/08/2016

Целиноград аудандық соты ішкі істер бөлімінің қатысуымен "Терроризмге: қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараны Целиноград аудандық сотының төрағасы Т.Тұрғамбаев ашып, қазіргі заманның жаһандық мәселелерінің бірі адамгершіліктің жоқтығы және қатыгездік терроризм болып табылады деп атап өтті. Терроризмге қарсы іс-қимылды  мемлекет пен қоғамның бірлескен үш негізгі бағыты бойынша қарастырылады: терроризм туғызатын мүмкіндіктерінің себептерін анықтау және жою, терроризммен күресу және азайту, терроризмді болдырмау.

Сот мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, айыппұл түрінде жаза тағайындады

09/08/2016

Бұланды аудандық соты «Бұланды ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының» бас маманына қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, Б. тіркелген өтінішті тексеру кезінде, дүкеннің кассасында 2 680 теңге көлемінде қаражаттың жетіспеушілігін анықтап, ол жөнінде акт ресімделіп, оған дүкенші қол қойған. Алайда Б. дүкеншіден 13138 теңге көлеміндегі жеміс пен көкөніс түрінде алып, осыны жапқысы келген.

Тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуы

09/08/2016

Шортанды аудандық соты теріс қылық жасағаны үшін азамат М-ға  қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, ауыл тұрғыны шатырдың үстінде сымсыз желiнің қолжетімді нүктесiн жымқырып, «ТМК» акционерлік қоғамына 17 980 теңге сомасында материалдық залал келтірген.

Сотта сотталушы жасаған іс-әрекетіне өкініп, медиация тәртібімен тараптардың татуласуына байланысты істі тоқтатуын сұраған.

Сотта жәбірленушінің өкілі сотталушымен медиативтік келісім жасауынан, істі тоқтатуды сұраған.

Сот есірткі заттарды сақтау және өткізу үшін жаза тағайындады

09/08/2016

Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үш әйелге қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотта, азаматша Л. 2015 жылдың қараша айынан бастап 2015 жылғы желтоқсанға дейін аса ірі мөлшердегі есірткі заттарды өткізу мақсатында сақтаған. Ол азаматша М. және А-мен қылмыстық  сөз байласып, аса ірі мөлшерде 5,54 грамм - «героинді» шартты сатып алушыға сатып 103 000 теңге сомасында материалдық пайда тапқан. Тұрғылықты мекен жайымен жұмыс орнын тінту барысында аса ірі мөлшерде 2144,15 грамм есірткі заттар алынғаны анықталды.

Сот құқық бұзушыларға әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

09/08/2016

Ақмола облысы Аршалы аудандық соты Өзбекстан Республикасының 7 азаматына қатысты әкімшілік іс қарады.       

Сот анықтағандай,  құқық бұзушылар 2016 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасының аумағына келіп, ішкі істер органдарының тіркеуінен өтпеген. Осы әрекетімен, құқық бұзушылар көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының қағидаларын бұзған.   

Сот тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатты

09/08/2016

Шортанды аудандық соты азамат Л-ға  қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат алкогольдік масаң күйде бола тұра, азамат М-ға бұзақылық ниетпен қасақана дене жарақаттарын келтірген.

Осыған байланысты, сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігімен бұзақылық қылмыс жасап, яғни қоғамға құрметтемеушілік көрсетіп, азаматқа күш қолданумен, қоғамдық тәртіпті аса қатыгездікпен бұзған.

Сот актісін орындамағаны үшін сот әкімшілік айыппұл тағайындады

09/08/2016

Ерейментау аудандық соты азаматша Е-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Сотпен, азаматша Е-ге қатысты атқару парақ негізінде қарызын өндіріп  алу туралы атқару өндірісі қозғалған және борышкермен сот актісін орындау үшін шаралар қабылданбағаны анықталды.  

Сот темекі тұқылын тастағаны үшін қамаққа алу жазасын тағайындады

09/08/2016

Бурабай аудандық соты азамат Г-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай,  азамат Г. Щучинск қаласының орталығында, қоғамдық орынды ластап, темекі тұқылын тастаған. Осы әрекетімен ол қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға сыйламаушылық танытты.

Ақмола облыстық соты «Медиация күні» республикалық акциясының аясында Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп Ашық есік күнін өткізді

09/08/2016

Ақмола облыстық соты «Медиация күні» республикалық акциясының аясында Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп Ашық есік күнін өткізді.

Іс-шараға судьялар қауымдастығы, «Қоғамдық келісім» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, облыстың этно-мәдени бірлестіктері, сонымен қатар кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Аталған іс-шара медиация институтын насихаттау, дау мен жан-жалдарды шешу, дау мен шиеленістерді шешу кезінде татуласу рәсімдерінің тиімділігін түсіндіру мақсатында өткізілді.